Өлең, жыр, ақындар

Сүт заводы

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 475
Мәз-мәйрам боп, қарқ-қарқ күліп қатындар,
Шуласады: «Жылдамырақ тартыңдар!»
Күр-күр етіп зырылдайды доңғалақ,
Күлімдейді өңкей «нашар-пақырлар».
Талай шелек лық толып тұр мөлтілдеп,
Желге ұшады көбіктері желпілдеп,
Сепаратор шелегіне құйған сүт
Шұп-шұқыр боп ағып жатыр бүлкілдеп.
Cap-cap етіп сүт бір жақтан ағады,
Бір тесіктен жылжып қаймақ тамады.
Қуанысып жас балалар маңайда,
Қызық керіп сүт көбігін жалады.
Кешке таман келсе Шоқпыт даладан,
Шайды жасап қойған екен манадан,
Буы шығып, жып-жылы боп, май сасып,
Ыдыста тұр турап қойған таба нан.
Екі езуден аппақ майды ағызып,
Дастарқанға тамшылатып тамызып,
Қарын тойып Шоқпыт жатыр шынтақтап,
Жүрегінің қыжылдағы жазылып.
— Қатын!— деді Шоқпыт түртіп Ақықты,—
Алдаберген майды неден сатыпты?
— Екі пұтты отыз сомға беріпті,
Өзі дағы пайдаға әбден батыпты.
Қарқ-қарқ күліп, Шоқпыт тартып мұрнын,
Шөппен сүртіп етігінің жұлығын:
«Машинадан көрген пайда аз емес,
Биылғы жыл жаман емес ырымым...» 
Сүт заводы кедейлерге пайдалы,
Бір сиырдың алты ай жазғы қаймағы
Кедейлердің жетпегенін түгелдеп,
Сататұғын семіз қылып бойдағы.
Сүт заводы — шаруаның бұлдысы,
Қысы-жазы басын жоймас құндысы,
Талай завод әлі-дағы орнамақ,
Бұл сүт завод ауылдағы жыл құсы.

1926



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Большевик

  • 0
  • 0

Шым құрыштан Ленин шыңдап шығарған
Тасты тілген алмас қылыш — большевик
Бірін мыңға,
Мыңын шыңға,

Толық

Бүгін қатын биледі

  • 0
  • 0

Рысты бай Күңшашты
Дейтін еді «албасты»
Күңшаш онда «мәжін» ед,
«Өсекші» ауыз, «сұғанақ»,

Толық

Қызылжар

  • 0
  • 0

Кей кезде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың еш уақытта сен бас ұрмай.

Толық

Қарап көріңіз