Өлең, жыр, ақындар

Мәдени майдан

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 354
Мүйізді қара жұдырық,
Тоқпақтай боп жұмылып,
Бүлкілдеген бұлшық ет
Денеде бұлт-бұлт жүгіріп
Қайнасқан болат буындар
Бұлтың-бұлтың бүгіліп
Түтін шалған отты көз
Еңбекке төніп үңіліп,
Бір жарықты керуге
Күні кеше ынтық ед.
Сол жарықты керем деп,
От жүректе қайнап кек
Қанды майдан ашылып,
Еңбек Ері құрып шеп,
Ойда, қырда от болып,
Жарқылдаған пулемет,
Көбігі ойнап, қан тасып
Топан болған төңірек
Мүйізді қолда бұл кезде,
Мықты ұстаған мылтық ед.
Қанды майдан басылды,
Қара тұман ашылды,
Еңбек Ері еркін боп,
Ағын судай тасыды,
Мәдени майдан ұраны
Одаққа тегіс шашылды.
Осы ұранға еңбекші
Жұмыла түгел қосылды,
«Бұған біз де даяр!» деп.
Қуаты күшті жұдырық
Тоқпақтай болып жұмылып,
Түтін шалған отты көз
Қағазға қарап үңіліп,
Мәдени майдан дегенге
Еңбекші енді ;қойды бет!..

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырғызда

  • 0
  • 0

Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.

Толық

Біздің маршал Буденный

  • 0
  • 0

Шыққан күн шалған толқын секілденіп
Ту толқып. Қызыл алан, шат боп кеңіп,
Беттеді Мавзолейге миллион топ,
Әні бал, күлкілері күміс көрік.

Толық

Миф және шындық

  • 0
  • 0

Прометей атаулының бәрінен
Глезосты күштірек деп білемін.
Зевс түгіл Гитлердің әлінен
Келмеді жеу, жалын атқан жүрегін.

Толық

Қарап көріңіз