Өлең, жыр, ақындар

Қарағанды

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2268
Бірінші өлең
«Қарағанды алыбы,
Өмірдің күре тамыры,
Тіршілік сонда, жан сонда,
Сол алыпты жырлауға,
Жеткенше тілің сырлауға,
Әдейі, ақын, бар сонда!»—
Деп үкімет жіберді,
Мен де аттандым жігерді
Жұмсауға әл жеткенше.
Мінгенім поезд — жүйрігім,
Ысқыртып желге құйрығын,
Таситын тауды бөктерсе.
Поездан да ұшқыр ой,
Ұшты оқтай бермей бой,
Тез жетуге асықтым.
Еңбектің қызу базарын,
Шахтаның ұлы қазанын
Көруге көптен ғашықпын.
Шыққан соң ұзақ сапарға,
Бөгеліп жолда отарба,
Сағатқа біраз кешікті.
Маған уайым жауғызып,
Түн ортасын ауғызып
Жетуді құлақ есітті.
Келемін кейіп, түн жарық,
Ай аспанды айналып
Барады өрлеп жоғары,
Қасымда менің бір жолдас,
Терезеден сұғып бас,
Далаға ұзақ қарады.
Бір кезде: «ақын, бері кел!..
Тамаша бар, әне, көр!»—
Деді кенет жолдасым.
Қарасам, рас тамаша!..
Бітпестей адам санаса
Жұлдыздар жапқан дөң басын!.
Ой да жұлдыз, қыр жұлдыз...
Күлімдеп түгел тұр жұлдыз,
Мың емес, талай миллион!..
Жер аспанға айналған,
Алтындай жалт-жұлт жайнаған,
Жерге аспан емес тең!..
Жерді аспаннан асырған,
Жұлдызбен жерді жасырған
Кім?— жұмысшы ерлерім!
Жасау жұлдыз әмірі
Жеткен, жерде «тәңірі»
Солар, жұмсап еңбегін.
Өлік дала үстінен,
Күшті боп жалған «күштіден»
Орнатқан солар алыпты.
Қараңғы көр далада,
Айқасып берік балға, орақ
Даланы нұрға малыпты.

Екінші өлең
Ұйқының сүңгіп терең бұлағына
Жатқанда, гүрс еткен үн құлағыма
Сап етті, шырт ұйқыдан атып тұрдым,
«Бұл не?!—деп, әлде үйім құлады
ма?!»
Ашылды сол гүрсілден ұйқым
шайдай,
Денені жөнелді ой сыртқа айдай.
Далаға тез шықтым да, қараңдаған
Біреуге «тоқташы!» деп салдым айқай. —
Немене?—деді анау,—Жаным,
кімсің?
— Жұмысшымын.
— Мезгілсіз неғып жүрсін?
— Келемін сменадан.
— Жолдас, жаңа
Атылған батыр-бұтыр неткен гүрсіл?
Ол менің қорыққанымды айтпай білді,
Білді де, санын соға қарқ-қарқ күлді.
Күліп қана қойған жоқ, жақындап кеп,
Мәнісін мен қорыққанның түсіндірді.
Деді:
— Бұл динамиттер кемір атқан.
Арт жақта қалды күндер қайла шапқан
Күшейіп техника, өскен өнер
Кемірді тез алудың жолын тапқан.
Қазірде бұрынғыдай емес шахта.
Құл болып жұмыскерге табиғатта,
Жер астын жеті қабат нұрландырып,
Жұлдыздай электрдің шамын жақты!
Ол кетті.
«Бұл динамит неткен күшті
Селк етті асты түгіл жердің үсті!..»
Сыртынан таңданбай-ақ, шахталардың
Көруге ойым кетті сырын ішкі.
Тезірек үйге кіріп жуындым да,
Киініп белді бекем бумадым да,
Шахтаның комитетін тауып алдым,
Қаланы сұрастырып қыдырдым да.
Комитет жөн көрсетер берді басшы,
Шахтаның ішін енді қарамақшы
Боп тұрғанда, көңілім көз жанарын
Тағы да төңірекке ала қашты.
Алтын күн келеді екен шығып жаңа,
Жер, кекті нарттай қызыл нұрға мала.
Сол кезде барлық көркем бейнесімен,
Алдымда гүлдей жайнап тұрды қала!..
Па, шіркін, дедім, қала қандай сәнді!..
Гудокпен мен де бірге шырқап әнді
Жібергім кеп тұрды да, сабыр етті,
Көзімді тойғыза алмай, көрген маңды.
Сүйсініп: «Осы екен-ау,— дедім іштен,—
Атағы жерді жарған Қарағанды!»

Үшінші өлең
Басшымен лифтке біз келіп міндік.
Тереңдей жер астына кеттік сүңгіп,
Шахтаға да жеттік біз... сарай екен,
Кең, биік, жер астынан қазған үңгіп.
Шамдары электрдің шаңқан жарық,
Шахтаның өне бойын нұрға малып,
Қай жаққа көзді тіксең, бар тәуелді
Бейнесін көрсетеді, әр нәрсе анық.
Мұнда да жатыр екен өмір қайнап:
Шағылған электрге жалт-жұлт жайнап,
Көмірді тиеп-артқан вагондарды
Барады әлдекімдер жан-жаққа айдап.
Көмірдің білем, шыққан, барар жерін.
Неғұрлым жұмысшылар арттырса өнім,
Соғұрлым мол азық ап завод, фабрик,
Болады ол, досқа өмір, жауға өлім!..
Түсініп соны инженер, жұмысшы да,
Көмірді қолы тиген ығыстыра,
Барады түре айдап, кең шахтаға
Күні-түні бермей тыным, тынысты да.
О, жер асты, көне бер, сен жеңілдің!
Бұлайша алынуы бұл кемірдің —
Шашыранды жіңішке бір бұтаға,
Сырттағы қарқыны зор ұлы өмірдің!..
Біздің Совет әрдайым іске басым.
Істі мол өндіретін күшке басым.
Күш пен іске тез күнде асырады
Менделеевтің барлық системасын.
Советтің жеңіс! қана ұранында,
Ол ұранға жаратар құралын да
Түгелдеп ап, үйретер кешікпей ол
Кендердің ең асауы — ұранын да!..
1933



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батыр інім Бауыржанға

  • 0
  • 0

«Советтің саналы ер еркегі» деп,
«Жігіттің қыз қызығар көркемі» деп,
Бауыржан Момышұлы жер жүзінде
Тарапты барлық елге ертегі боп.

Толық

Мұғалім

  • 0
  • 1

Ел ісін басқаратын көсем бол, сен,
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен;

Толық

Қабыл ал, ақын сәлемін!

  • 0
  • 0

Лениннен алған ардақты ат,
Алған үлгі Кировтан,
Бойыңда сенің боп қуат,
Үкімет берген бұйрықпен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер