Өлең, жыр, ақындар

Алматының көшесі

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 402
Кей қалада, мысалы, Көкшетауда,
Тыныстауға, егер де, шықсаң тысқа:
Барар ең алаңдағы еккен бауға,
Ағашы әрі сирек, әрі қысқа.
Ал, біздің Алматыда шықсаң үйден,
Қораңның іші, көшең жыныс орман.
Ағашы биік, басы көкке тиген,
Найзадай әрі тіп-тік шанышқан қолдан.
Жаз айында, күн кейде кетсе шыжып,
Көлеңке боп тұрады кеше бойы.
Салқындау онда жүріп қандай қызық!
Шарықтап-ақ бағады адам ойы!..
Мұнда жаз, тау басында аппақ күртік.
Қыс пен жаз дос боп қапты құшақтасып.
Бұлт шөге қойыпты, бойын іркіп,
Қысқа барып тығылып, жаздан қашып.
Күн шыжытып, ерісе таудағы қар,
Сай-саладан саулайды су дүркіреп.
Сол бір шақта бұлтқа бітіп ызбар,
Қарауыта жылжиды ол күркіреп.
Тарамданған қалың бұлт келе қалса,
Жиырыла, екпіндей төбеге ауып,
Нажағайы жарқылдап найзаларша,
Қалың нөсер кетеді төге жауып.
Малшындыра жер бетін, тарам-тарам
Қалың бұлт сырғиды тауға қайта.
Мұнда жаңбыр болыпты, тауда боран,
Жотаны қар бүркепті, әне, байқа!..
Шіркін, біздің Алматы керемет-ау.
Әрі қызық тұруға, әрі тыныс!
Күте білсең өзіңді, боласың сау,
Жаның шат боп өсесің, денең құрыш!
Жалыққан кезде істен, шықсам үйден,
Жүрсем жасыл орманды көшеменен,
Жапырақтардай сыбдырлап тәтті күймен,
Шабыттана шарықтап өседі өлең!..

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мадама

  • 0
  • 0

«Қазақта әйел күң» дейміз,
«Күңдікте әлі жүр» дейміз.
«Кінәлі оған ескі әдет»,
Ескі әдетті тілдейміз.

Толық

Қабыл ал, ақын сәлемін!

  • 0
  • 0

Лениннен алған ардақты ат,
Алған үлгі Кировтан,
Бойыңда сенің боп қуат,
Үкімет берген бұйрықпен.

Толық

Мүслима

  • 0
  • 0

Есіңде ғой, қазақта әйел күң де,
Бәсі келсе сататын малмен бірде
Сол күңдіктің ішінен көзіңді ашып,
Съезге ермен тең болып келдің бірге.

Толық

Қарап көріңіз