Өлең, жыр, ақындар

Мүслима

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 451
Есіңде ғой, қазақта әйел күң де,
Бәсі келсе сататын малмен бірде
Сол күңдіктің ішінен көзіңді ашып,
Съезге ермен тең болып келдің бірге.
Не айтылды съезде көрдің бәрін,
Нелер болмақ, және де не болғаның
Кеше орыс әйелін «маржалар» деп,
«Діні басқа» дейтұғын молдаларың.
«Маржалар» кім? Оған да көзің жетті,
«Әйел азат болсын!» деп сөйлеп өтті,
Әр орыннан әйелдер сөйлеп жатыр,
Кім бұларды осынша азат етті?
Азат еткен Советтің үкіметі,
Теңелуге түзелді әйел беті,
Көпті көрдің, көп білдің, тәжрибе алдың,
Жасық болма, Мүслима, енді бекі!
Ел әйелі әлі де күндікте жүр,
Елге қайтып солардың ішіне кір,
Он бір болып келіңдер
Ақмоладан Ашылатын съезге ендігі жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елка

  • 0
  • 0

Балалар, бізге елкаға
Келді міне дед Мороз;
Кел, дед Мороз, дед Мороз,
Жоғары шық, төрге оз!

Толық

Апыр-ай

  • 0
  • 0

«За охрану!» — деп жинап
Алған қайран бақыр-ай!
Бақырымды ап қойды-ау,
Ниеті жаман кәпір-ай!

Толық

Қысқы кіреші

  • 0
  • 0

Аппақ мидай кең дала,
Ирең күртік айдала,
Сырғанайды бұрқасын.
Біріне-бірі жалғасқан,

Толық

Қарап көріңіз