Өлең, жыр, ақындар

Сауыншы қыздар

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Сары алтының себелеп сүйкімді күз,
Кең дала тұрған кезде тыныс ала,
Әнге шырқап келеді бір топ жас қыз,
Ортасында Мария Гурская.
Бәрінін, де кескіні гүл жайнаған,
Бәрінің де денесі тығыршықтай,
Сырнайшының саусағы күй ойнаған
Жүгіреді пернеде бейне ұршықтай.
Кестеменен әдемі өрнектелген,
Бәрінің де кофтасы, белдемшесі.
Сайрандауға бара ма жігіттермен,
Мұнша сәндеп бойларын жүрген несі?
Сұрастырсам, барады сиыр сауа,
Саусақпен емес, бірақ, электрмен.
Сиыр тұрған сарайда таза ауа,
Түк сезбейсің ішінде иіс, кірден.
Қыздар кіре, сүмесі сиырлардың
Электр қуатынан сорғыш киді.
Тамыры балқып қайдағы қиырлардың,
Сүмелерден сорғалап сүт боп иді.
Толып қалды ілезде ақ шелектер,
Көпіршіген кіршіксіз қою сүтке.
Заводқа тез жөнелді, деген «ап кел!»
Бидондарды машина тиеп жүкке.
Барған сүтті кідіртпей сепаратор
Центнерлеп, тонналап ағызса май,
Жылдан-жылға бұдан да болып батыр,
Бұдан-дағы Ұлы Отан болады бай.
Жылдамдатып қимылын, асығады,
Сауыншы біздің қыздар соны біліп.
Бірі ән айтса, бәрі де қосылады,
Әзілдесіп алады, кейде күліп.
Шат қыздар, электрдің қуатын тез
Қос сүмеге, сиырлар жылдам исін!..
Содан аққан майларға болып тез кез,
Жігіттердің сүйетін аузы тисін.

1953



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматының көшесі

  • 0
  • 0

Кей қалада, мысалы, Көкшетауда,
Тыныстауға, егер де, шықсаң тысқа:
Барар ең алаңдағы еккен бауға,
Ағашы әрі сирек, әрі қысқа.

Толық

Әжем

  • 0
  • 0

Алпысқа аяқ басты менің әжем,
Алпыс жаста «кәрімін» деді ме әжем,
Отпен ойнап, күлменен арпалысып,
Алпыс жаста алған жоқ демін әжем.

Толық

Қызылжар

  • 0
  • 0

Кей кезде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың еш уақытта сен бас ұрмай.

Толық

Қарап көріңіз