Өлең, жыр, ақындар

Чехқа!

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 233
Қоңырқай көкшіл көзін, күлім қағып,
Қарайсын, неге маған қиығымен?
Дейсің бе,— «түр-тұлғасы маған танық,
Мынау кім, денесі зор, иығы кен,?!»
Қысықтау қара көзді, беті жалпақ
Монғол ма, шығыстың я басқасы ма?»
Мен қазақпын, советтік азаматпын,
Бойым, ойым қысылмай еркін өскен.
Бүкіл совет халқымен, саған жаттың,
Бас көтермес тағдырын бірге шешкен!..
Жеріңді фашизмнен тазалауда,
Менің де інілерім төкті қанын.
Келдім мен соларды да азалауға,
Келдім мен көрмек болып қабырларын.
Келдім мен ауызыңнан тыңдамақ боп,
Ерлігін, ешбір адам есітпеген.
Келдім мен оларды да жырламақ боп,
Тарихқа аңыз, ұлын, Фушикпенен.
Келдім мен тұрмысыңды көрмек болып,
Азаттық, бейбітшілік күніңдегі.
Дос көріп, сыйлығын мол бермек болып,
Жерің, күнің, көзін, де күлімдеді.
Мен түсе самолеттен бұлт ашылып,
Жеріңді жуып, жырақ кетті жауын,
Көк майса ылди-өрді тұр жасырып,
Кәдімгі, Қызылжар мен Көкшетауым!..
Ауан, да дәл сол екен жәйма-шуақ
Ыстық та, суық та емес, жанға жәйлі,
Тамаша тынысыңнан қосып қуат,
Чех досым, сенде өткізем июнь — майды!
Ішемін Карловы Варында мен,
Суыңды тереңінен қайнап шыққан.
Халқыңды, жер-суыңды жадымда мен
Нық сақтап жүрегімде мәңгі ұмытпан!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құланың құны

  • 0
  • 0

Сұлудай қызыл шырай бітіп таңға,
Алтынды ну сәулесін шашып маңға,
Ойын сап жан иесі бар мақұлық,
Жерде құрт,

Толық

Жазғы таң

  • 0
  • 0

Қараңғылық серпіліп,
Бозамық боп атар таң,
Бірен-саран адақтап,
Қалды жымың жұлдыздан.

Толық

Батырақ

  • 0
  • 0

Мен сендерден бір тамшы аққан жаспын,
Сол тамшы болғандықтан байға қаспын.
Сенің жүрген жеріңнен қозғалмайтын
Жұдырықтай қарам бар, қатқан таспын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар