Өлең, жыр, ақындар

Жазғы таң

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1289
Қараңғылық серпіліп,
Бозамық боп атар таң,
Бірен-саран адақтап,
Қалды жымың жұлдыздан.
Түрлене түнге қош айтып,
Күлімдеп толқып тұр Шолпан.
Жерге түскен бу мен шық,
Көтеріліп көкке ұшқан...
Бозарған енді сарғайды,
Айырғысыз боп алтыннан.
Келде құстар оянып,
Қосылысып салды ән.
Бозторғай шырлап аспанда,
Тауықтар да шақырған.
Өріске кетіп барады,
Сиыр, қойлар неше сан.
Шыққа тойған шөптердің,
Құлпыруы орасан.
Күндіз алыс әр нәрсе,
Көз алдыңда санасаң,
Дүниенің жұмағы,
Таңертең тұрып қарасаң

1920



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин жолы

  • 0
  • 0

Адам!
Сен тарихыңның өн бойында,
Атқардың таңқаларлық талай істі.
Тек қана, жалғыз арман жүрді ойыңда,

Толық

Алматының көшесі

  • 0
  • 0

Кей қалада, мысалы, Көкшетауда,
Тыныстауға, егер де, шықсаң тысқа:
Барар ең алаңдағы еккен бауға,
Ағашы әрі сирек, әрі қысқа.

Толық

Қызыл бұрыш

  • 0
  • 0

Майда жұмсақ жел ессе,
Желпілдейді туырлық,
Сықырлайды ырғалып,
Керегелер буылдық.

Толық

Қарап көріңіз