Өлең, жыр, ақындар

Күнді сонарлау

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 291
Күнді қуып біз шықтық Алматыдан,
«Ил-18» бейне бір оқ атылған.
Шалдырмай күн, түлкідей зымырады,
Дала, орман, таулардың қыратынан.
Қыраннан құтылмасын кешке біліп,
«Түседі-ау,— деген шақта,— енді іліп»,
Құйрығы бұлғалаңдап, қайқаң қаға,
Сүп беріп ініне ол кетті кіріп.
Дамылдап біз бірер күн Москвада,
Бұлттың үстін, аспанның астын ала,
Сонарға шықтық түнде, сансыз жұлдыз,
Дегендей қалтырады,— «бастыра ма?!.
Аспанның мұхитына кеттік сүңгіп,
Тәжім ғып басын иді ай да мүлгіп,
Кәнігі, сақ саятшы — пилот бастап,
Ініне түлкі-күннің тура жүрдік.
Бір кезде кірдік тымық қараңғыға,
Тұмсығын тұңғиыққа қадалдыра
Келеді «Ил-18», кедергіні
Көретін қыран кезі бар алдында.
Осылай қараңғыны түре тіліп,
Шағында келе жатқан таң білініп,
Есіней бас көтерді қарт Алатау,
Тишталған өткен түнде көзі ілініп.
Бұл таудың ар жақта, бір саласынан,
Боялған таңға, бұлыт арасынан
Қылт ете қалды да күн, шапшып биік
Жөнелді қимылменен алас ұрған...
Бара бер, күн, қаша бер, биіктей бер,
Қуған сені соңыңнан киіктей, ел,—
Соғып бір күн, киеді сенен де ішік
Кешікпей орындалар үміттей ол!

1965



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балқаш

  • 0
  • 0

Кешегі құлан өтпес бұл батпақ шөл,
Көрмеген орын теуіп мекендеп ел,
Ормансыз, бетегесіз, сусыз, құмсыз,
Үйіріп қу топырағын есетін жел.

Толық

Алатаудай ауылым

  • 0
  • 0

Он сегіз жыл бұрын бай, патша, бектен
Езілген, шерлі болған көкіректен
Жанған ыза жалыны Алатаудың
Астындағы қызудай, сыртқа тепкен.

Толық

Коммунистік татулық

  • 0
  • 0

Ең күшті дейтін «атомдық
Бомбаға» миллион татырлық
Бізде бір күш бар, есімі —
Коммунистік татулық.

Толық

Қарап көріңіз