Өлең, жыр, ақындар

Алатаудай ауылым

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 341
Он сегіз жыл бұрын бай, патша, бектен
Езілген, шерлі болған көкіректен
Жанған ыза жалыны Алатаудың
Астындағы қызудай, сыртқа тепкен.
Октябрь сол қызудың қабын жарған,
Құмыққан жалын үдей жайнап жанған,
Өртеңдей жаңа өмір ескен ерлеп,
Күйгенсің түсі сұр, сұм ескі жалған.
Өлкемде он сегіз жыл өсті өртең,
Құлпырды кілемнен де өртен, көркем,
Алатаудың алқызыл алмасындай
Елмен бірге қызара мен де бөртем.
Өскен өлкем таудың шың, құздарындай,
Ызбары жауға — таудың мұздарындай,
Қайраты — Алатаудың астындағы
Вулканы жерді кере қызғанындай.
Ақпайтын тауды жармай, тасқа ұрынбай,
Білімі — долы өзен тасқынындай,
Жемісі өнерінің шығымды жыл
Колхоздың оратын мол астығындай.
Өлкемнің мен бұлбұлы жазын жырлар,
Жырымда нелер мың түс гүлдей нұр бар,
Кеудем кеннің шахтасы, әр сөзімнің
Әрпінде алтыннан артық құн бар.
Сөзімді социалдық табын малдай
Өргізіп, өрісіңді түгел шарлай, Өлкем!
Көркем, елеңмен ән шырқаймын,
Үнімді құлағыңа құйып балдай.

1935



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы кіреші

  • 0
  • 0

Аппақ мидай кең дала,
Ирең күртік айдала,
Сырғанайды бұрқасын.
Біріне-бірі жалғасқан,

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Октябрь жазы гүлді жаз,
Октябрь жазы нұрлы жаз,
Октябрь жазы жайнайды.
Бұл іске жасыл оранып,

Толық

Қалибек Қуанышбаевқа

  • 0
  • 0

Табиғат беріп ойға өткір сезім,
Халқының жинап бойға бар мінезін,
Қазақтың түгел еркек — кіндіктісін,
Күші бар, көрсетерлік жалғыз өзі!

Толық

Қарап көріңіз