Өлең, жыр, ақындар

Сағалбай Жанбаевқа

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 279
(60 жасқа толуына)

Қазақша — қаңтар, римше — январьда,
Сібірде, қақап тұрған қыс — ызғарда,
Келіпсің дүниеге, Россия
Ортасы жатқан кезде батып қанға.
Лениндік ту көтерген большевиктер
Алдында, жұмысшылар құрған лектер
Патшаға, қанаушыға қарсы шыққан,
Қылыштан,оқтан таймас, бәрі өжеттер.
Аузынан «бостандық!» деп атқан жалын.
Қатарын қырылса да жазбай қалың,
Оққа ұшқан қан-жоса боп, сол ерлердің
Боп шықты ойлағаны сенің қамың.
Титтейден қанаушының таяғын жеп,
«Қай кезде бұл қылығын қояды?» деп
Зарланып жүргеніңде, большевиктер
Қанына қанаушыны бояды кеп!
Сол қанға малшып Ұлы Октябрьді,
Найзамен жыртып қара түнді түрді.
Басыңнан қою тұман мәңгі ауып,
Бақытты батпайтұғын күн құлпырды.
Көрініп сонда түгел атырабың,
Сыбанып білегіңді, батырағым,
Қолынан еңбекшінің жасалатын
Бақыттың бар ісіне қатынадың.
Ересек бола танып әліп-биді,
Белсеніп кіріскенде іске игі,
Өмір.дің сабағынан профессор
Болдың да, талай ғалым басын иді.
Жұқтырмай партбилетке өмір тотын,
Күрестің бәсеңдетпей қызған отын,
Бетіне былш еткізіп қайта соқтың
Дұшпанның саған айтқан анекдотын.
Болдың сен қостаушы да, бастаушы да.
Меңгеріп талай істі тастаушы да.
Кіші бол, қызметте, я үлкен бол,—
Еш уақыт «жетілдім!» деп таспаушы да.
Халықтың жүріп қалың арасында,
Құрметтеп үлкенін де, баласын да,
Бастаған істеріңде, еңбекші ел,
Жарады әр кезде де қарасынға.
Сол елмен келатырсың әлі бірге,
Халқыңа мәлім болды атың мүлде,
Күшімен көпшіліктің, коммуналық
Мәңгіге мызғымайтын қаланды ірге.
Қаластың сол іргенің сен де тасын,
Қолыңнан көтерістің қабырғасын,
Ішінде қызу істің жүрген шақта,
Алпысқа толып қапты, міне, жасың!
Қартайған жоқсың, әлі бойың сергек
Ерекше, большевиктік ойын, сергек
Қалдырлы қарт замандас, санген жолдас,
Басайық алға әлде де құлаш сермеп! 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалибек Қуанышбаевқа

  • 0
  • 0

Табиғат беріп ойға өткір сезім,
Халқының жинап бойға бар мінезін,
Қазақтың түгел еркек — кіндіктісін,
Күші бар, көрсетерлік жалғыз өзі!

Толық

Жайнаған жапырақтар

  • 0
  • 0

Біз тіккен былтыр қолдан бір топ шыбық,
Биыл да көріктеніп жапырақ шығып,
Мінекей ағаш болды көлеңкелі,
Сүңгідей әрі тіп-тік, әрі шынық.

Толық

Вильнюс

  • 0
  • 0

Сан ғасыр бұрын кеп түскен,
Балтықтың бойын сағалап
Қаланы, жолдас Шимкуспен
Келер күн кеттік аралап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар