Өлең, жыр, ақындар

Қамшылап

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 305
Қамшылап...
қанға бөктiрдiм,
Сауырын мiнген жабымның.
Әттең-ай, соны текке ұрдым...
Тұлпар-ау дедiм.
...жаңылдым.
Тұлпар деп таңдап мiнгенiм –
Арқасы жауыр жабағы.
Сүйреткен құры сүлдерiн,
Күндерiм өтiп барады.
Арман ба?
Онда кеуде жоқ,
Жабының жағын қан қылып,
Атойын салмақ...
– сөнген от,
Ар жағы құры жаңғырық.
Қателеспесем керек-тi,
Аңсадым биiк.
Тым алыс.
Өткен күндерiм – тек өттi,
Келетiн күндер – қуаныш.
Алдымда тағы бiр бекет,
Алдымнан сыйын шақтаған.
Жабымен соған түнде кеп,
Арғымақ мiнiп аттанам!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеш

  • 0
  • 0

Тәмам болып тағы да бiр сапары,
Таудан шығып, таудан тауып тұрағын,
Күн шоқтанып батып бара жатады...
Қыр үстiнде көлеңке боп тұрамын.

Толық

Қанағат қылмай түкке де қарысып отырмын

  • 0
  • 0

Қанағат қылмай түкке де қарысып отырмын,
Өзiммен-өзiм оңаша алысып отырмын.
Жаным – домбыра, күй болып қағысып отырмын,
Өзiмдi-өзiм жұлып жеп, тауысып отырмын.

Толық

Өмiрдi сүю

  • 0
  • 0

«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр,
Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр.
Қапылыста қағып қалды қылтамнан,
Қиқаң ете қалып едiм...

Толық

Қарап көріңіз