Өлең, жыр, ақындар

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 278
Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты,
Тағы бiр күннiң түймесiн тiрлiк ағытты.
Таныс бiр жолмен аяңдап келем жұмысқа,
Осы жол менен жалықты, сiрә, жалықты.
Кеш батып тағы, әбiгер етiп баршаны,
Талған тiзелер тыныш ұйқыны аңсады.
Таныс бiр жолмен үйiме мен де асығам,
Осы жол менен шаршады, сiрә, шаршады.
Көзiмдi жұмсам, жатталып қалған көңiлге,
Адаспай табам: ылдиым мынау, өрiм де.
Таптаурын iзбен тепеңдеп тағы келемiн,
Құлқым жоқ мүлде тағдырды сынап көруге.
Көтеру үшiн мық деместен-ақ ер жүгiн,
Жетпей жатыр-ау жасықтау менiң ерлiгiм.
Жыбыр да жыбыр, өнбес тiрлiкке қол артқан,
Баяны кемшiн қайран да менiң кер күнiм...
Бұл үшiн кiмдi, бұл үшiн ненi сөгермiн,
Қуаныш көшiп, кеудемдi тырнап сөнер мұң.
Қалтылдап қалмай қадам аттасам қуанған,
Жастық шағым-ай...
Сен жайлы кейiн не дермiн?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Естiлiп қыстың зар әнi

  • 0
  • 0

Естiлiп қыстың зар әнi,
Төбеден билеп жауар қар.
Бүрiсiп кетiп барады,
Жағасы патша жарандар.

Толық

Мамыр бiттi

  • 0
  • 0

Мамыр бiттi,
маусым келдi.
Сезiлмейдi ақ таңнан сыз.
Мен естиiн даусыңды ендi,

Толық

Өмiрдi сүю

  • 0
  • 0

«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр,
Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр.
Қапылыста қағып қалды қылтамнан,
Қиқаң ете қалып едiм...

Толық

Қарап көріңіз