Өлең, жыр, ақындар

Ән салып жүрген жеңешем

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 529
Бұзауды айдап ертемен,
Жотаға шықсам жаз күнi,
Естiлушi едi ерке әуен,
Көршi жеңгейдiң назды үнi.
Бар ауыл осы жеңгейдiң,
Ерекше даусын бiлетiн –
Күндiз де ән айтып жүретiн,
Түнде де ән айтып жүретiн.
Ән оның жүрек сыры ма,
Жанының әлде сол емi?
Көп едi оның мұңы да,
Бейнетi тiптi көп едi...
Өмiрiн әнмен өрнектер,
Жеңгейге кейде «обал-ақ» –
Жыл сайын жаңа жөргектер,
Жыл сайын қарадомалақ.
Тiршiлiгiнiң мәнi ме,
Мәңгi әуез және мәңгi әуен?..
Қағынған жүгермегiне,
Ұрсатын тiптi әнменен.
...Жолы алыс алып қаладан,
Ауылға жетсем кешiге,
Ауаға қалқып тараған,
Ән оралады есiме.
Бәрi де аман, ел есен,
Тiрлiгiн жатқан мәндi етiп.
Баяғы әншi жеңешем,
Сәлемiмдi алды әндетiп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлағанжар

  • 0
  • 0

Бiр таудан ағып түскен құлап аңғар,
Ел оны атап кеткен «Құлағанжар».
Топталып тобылғы өскен маңайына,
Жан-жағы құба белдер...

Толық

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.

Толық

Жоқсың сен үйде де, тыста да

  • 0
  • 0

Жоқсың сен үйде де, тыста да,
Дедің бе: «Іздесін, ойласын».
Көңіл – күз, сағыныш. Қыс – дала,
Қайдасың, қалқа қыз, қайдасың?

Толық

Қарап көріңіз