Өлең, жыр, ақындар

Пендең едiм мейiрiмге қаталаған

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 232
Пендең едiм мейiрiмге қаталаған,
Қандай тағы еншiң бар атамаған?
Естимiсiң, ей, әлем, түршi құлақ,
Естимiсiң, мен ендi әке болам!
Ұрпақпенен татымды ғұмыр дәмi,
Жабырқаған көңiлге шырыл – дәрi.
Таң алдында жан жарым оятты да,
Құрсағында нұр барын сыбырлады.
Қол ұстасып, шыққанбыз жолға қашық,
Арман, үмiт шақырған алға қашып.
Ей, әлемнiң мейiрi, бар жылуы,
Жүрегiме алшы сен орналасып.
Мен мынау алтын таңның нұрын сүйем,
Торғайыңның сайраған үнiн сүйем.
Ей, әлем, естимiсiң, әке болам,
Естимiсiң, ендеше, сүйiншi бер!
Шоқ үрлеп, жүрек қалай жанбас бұдан,
Мен өлi күндердi ендi алмастырам.
Бабамның, жан әкемнiң ұрпақ жолын,
Мен де ендi Әке болып жалғастырам.
Басы осы ма бақытқа жолығудың,
Тұрдым, қайта отырдым...
томырылдым.
...Жүрегiмнiң түбiнде осы күндi,
Қатты күткен екенмiн, соны бiлдiм...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеудемдi тербетiп арман

  • 0
  • 0

Кеудемдi тербетiп арман,
Ояттым ұйқыңнан сенi.
Дүние шаршаған, талған,
Жайнаған жаз кешi едi.

Толық

Мамыр бiттi

  • 0
  • 0

Мамыр бiттi,
маусым келдi.
Сезiлмейдi ақ таңнан сыз.
Мен естиiн даусыңды ендi,

Толық

Сенi ойлау – мұңға бату тұңғиық

  • 0
  • 0

Сенi ойлау – мұңға бату тұңғиық,
Шомып жүру еңсе басқан мұнарға.
Сенi көру – арман көру тым биiк,
Асығатын сезiм құшып құлауға.

Толық

Қарап көріңіз