Өлең, жыр, ақындар

Сiз бiлесiз

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Сiз бiлесiз,
бiр ай өте аз уақыт,
Татып тiптi үлгермейсiз мәз бақыт.
Бiр ай бұрын ашты өмiр есiгiн,
Менiң қызым жүрегiмдi маздатып.
Жақсылықты жүремiн мен мәңгi iздеп,
Қуанышым, мұңым менiң –
жалғыз... көп...
Сол бiр айда менiң гүлiм мөлдiреп,
Өсiп кеттi үлкен қыз боп, дәу қыз боп.
Ұйықтатпай, әке, ана, апаны,
Күн тез батып, таң да жылдам атады.
Қызығымның екi көзi тұп-тұнық,
Сол тұнықпен қарайды да жатады.
Бүршiгiме ұзақ ғұмыр сұрайын,
Әрбiр күнiн мәндi ете гөр, Құдайым!
Оянғанда үрпiнi iздеп ернiмен,
Балақаным қалдырды артта бiр айым.
Бiлген дұрыс,
бiр ай өте көп уақыт,
Ұрпақ сүю, әке болу – зор бақыт.
Бiр ай болды, көкiрегiме мен тағы,
Бiр жүректi алғандаймын орнатып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен бәрiн де түсiндiм...

  • 0
  • 0

Мен бәрiн де түсiндiм...
Сен деп тiккен туымды, келмеп едi түсiргiм.
Менiң аққу мүсiндiм,
Қош айттым да өткенге,

Толық

Жанбақы

  • 0
  • 0

– Жүр, қарашы, кәрі қой өліп қапты...
– Түу, жанары не деген суық еді...
– Аяқтары байғұстың семіп қапты...
– Кеше ғана ақ қозы туып еді...

Толық

Күн райы

  • 0
  • 0

Қапырық ыстық қуырып жерді, ауаны,
Бала-шағаның аппақ шаң болып балағы,
Шілденің күні миыңды тесіп тұрғанда,
Әп-сәтте ауылым әбігер бола қалады.

Толық

Қарап көріңіз