Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Десек те асыл ұлмыз, ару қызбыз —
алдында махаббаттың қарусызбыз.
Әрқашан — жас болсақ та, кәріміз де
жүректің сусынына зәруміз біз.
Заманның қыздарымыз, ұлдарымыз,
биікпіз, —
Алатаудай тұлғалымыз.
Бірақ та махаббаттан аласамыз,
сүйіскен жүректердің құрбанымыз.
Болмайды махаббатта жарыс бәйге,
бірақ та ешкім одан қалыспайды.
Махаббатсыз жүректер шөліркейді,
махаббатсыз тілектер қабыспайды.
Жүреміз жыр ғып егіп, гүл ғып тағып
кірпіктен махаббат боп тұрдық тамып.
Махаббаттың сәулесін сағынады
Жер бетінің тоқымдай құрлықтары.
Махаббат керек саған, маған да, оған,
ешқашан толастамас ғаламда ол ән.
Қорқамын соның нәзік сабағы үшін,
ғұмыры үшін мен соның алаң болам.
Ұлым десін,
Ай жүзді қызым десін —
махаббатсыз сәуле жоқ жүзінде шын.
Жүректерде,
Санада,
Жер бетінде
Махаббаттар сабағы үзілмесін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз кемпір

  • 0
  • 0

Әлде жұрт көре тұра бұрмалай ма? —
«Жалғыз кемпір» дейді оны бұл маңайда.
Жарандар-ау,
Күрсінген көк теңіз де,

Толық

Қыз ұзатқанда

  • 0
  • 0

Не айтайын халайық, сендерге мен,
жан бар ма бұл қызықты жөн көрмеген.
Береді ана қолынан балапанын
он ұлына өзгенің теңгермеген.

Толық

Орын аға

  • 0
  • 0

Орын аға орнын тапқан өнерден,
өнерімен өсіп-өніп, көгерген.
Күймен бірге күмбірлесе ол егер
көзін алмай қол соғады көрермен.

Толық

Қарап көріңіз