Өлең, жыр, ақындар

Газет мақаласынан

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 247
Газет мақаласынан: «Жағажайда үш-төрт жігіт бір қыз баланы кезек тепкілеп, өлтіруге айналды. Айналадағы қалың адамның арасынан араша түсіп жалғыз әйел ғана шырқырай жүгіруде...»

Осы ма еді, жарандар-ау, жасқа үлгің,
қай түрі еді әдеп пенен дәстүрдің?!
Қалай түстің екен, әттең, қарғам-ай,
апанына қара ниет қасқырдың?!
Өңкей озбыр айырды ма арыңнан,
ақ лағым, не тайдырды тағыңнан?!
Аяусыз сол додасынан жыртқыштың
сөгілді-ау...
сөгілді-ау қабырғаң!
Айналамыз —әсем үйлер, сәнді бақ,
жатқан теңіз адамдарға мәңгі ұнап.
Сұлулықтың ортасында сені ойлап
мен отырмын жан, жүрегім қан жылап.
Қайран сіңлім, қайран аппақ лақ-ай
жүрек қалай шыдар бұған жыламай!?
Қан шеңгелді салған шақта жауыздық
арашаға жарамаса бір ағай!
Қалай шыдар бұған жүрек жыламай,
жапа шексе көз алдыңда құралай?!
Қарындасым деп еш жан қол созбаса
жанашыр боп шыға алмаса бір ағай?
Жіберді екен қасиетін кім өртеп,
шын сорлы ма бәрі өз қамын білер тек!?
Қандай қиын іс түскенде басыңа
айналаңда жоқ боп шықса бір еркек...
айналаңда жоқ боп шықса бір еркек...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенім мен сергелдең

  • 0
  • 0

Ит жеп қойды сәбиді, сенесіз бе?!
Ит жеп қойды адамның бір баласын.
Итке сенген ана ойсыз, өресіз бе
Әлде, тағдыр мазақтап тұр ма басын?!

Толық

Тағдыр тәлкегі

  • 0
  • 0

Николай...
Николаша...
Коля жігіт,
Көп сырын тіршіліктің болған ұғып,

Толық

Өмір сахнасында

  • 0
  • 0

Жас келіншек
Жас қабірдің басында,
Екі сәби — екі Күні қасында
Егіледі іздеп жарын мерт болған

Толық

Қарап көріңіз