Өлең, жыр, ақындар

Сенім мен сергелдең

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Ит жеп қойды сәбиді, сенесіз бе?!
Ит жеп қойды адамның бір баласын.
Итке сенген ана ойсыз, өресіз бе
Әлде, тағдыр мазақтап тұр ма басын?!
Хайуанатты сүю де еңселі ұғым
екенін ол өзінше түйіндеді —
сүтін берді апарып емшегінің
арыстандай итіне үйіндегі.
Адам сүті татыған таңдайына
ит құнықты көрмекке ішіп тағы,
Жармасып иесінің шалғайына,
ниетін қайта-қайта пысықтады.
Қыңсылап жатты сосын бұрыш жақта,
дәл бұдан пайда жоғын пайымдап ап.
ит иесі оқталған ұрыспаққа
тынышталды оның бұл жайын қарап.
Кім берсін жанға жайды тез ұққанды,
ойлатпаған ештеңе пәк күй ішкі.
Иісшіл ит бір күні сезіп қалды
нәрестеден аңқыған тәтті иісті.
Тәтті иісті сезіп қап, құлқы кетті,
тәтті иіске құмартты аңсары ауып,
Ал иесі үйіне бір түнетті,
қайтем деген ойда жоқ — алса қауып.
...Бір күні қалды үйінде бәрі де иен,
иесіз ит демесек тұрмақ қорып.
Көшеден келсе ана — сәбиінен
қалыпты қос алақан жұрнақ болып.
Ит жеп қойды сәбиді,
сенесіз бе?
Ит жеп қойды адамның бір баласын. Итке сенген ана ойсыз, өресіз бе
әлде тағдыр мазақтап тұр ма басын?!
Ойланбай қап өз ісі жайында адам
жүрер керек еді енді деп түземек.
Болған жайды сәтінде-ақ пайымдаған
ана содан жынданып кетті мезет,
Ит жеп қойды адамды! Кім кінәлі!?
Кім кінәлі шектен тыс сенімге енді?!
Тұрған жоқ па осындай бір күн әлі
аңдаумен сергектіктен жерінгенді.
Аласапыран, бір сезім тұр жанарда
оның сыры бірақ та мәлім маған.
Қиын-ау сергек болмау бұл заманда
Жер бетінен зұлымдық арылмаған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сеземісің бөбегім

  • 0
  • 0

Сеземісің бөбегім,
Ойымда тек сен ғана...
Жанымдасың қашан да,
Қанша алыс жүр, мейлі.

Толық

Сен туған жер

  • 0
  • 0

Сен туған жер,
Біліп қой,
Ұлылықтың отаны,
Қойны толы қазына,

Толық

Маңғыстаулық ағалар

  • 0
  • 0

Мамықтай ақ көбігі ерінде ұйып
қалатын бал шұбатты келін құйып
отырса ,—
Маңғыстауда

Толық

Қарап көріңіз