Өлең, жыр, ақындар

Би кешінде

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Шаттық күйден өзгені ойлатпаған
сұлу әуен, сырлы саз ойнақтаған
жан дүниені баураса — еліктетіп,
қызығына ешқашан тоймапты адам;
Кетсе егер әсем күй, ән дөңгелеп,
сәніне оның жетпейді сан керемет.
Би алаңды дулатып әуен біткен
адамдармен ойнайды ханкөбелек,
Бәрі бірдей жастығың, кәрілігің,
лебі шарпып өмір-от жалынының,
бір тарының сыйдырып қауызына
өзгертердей тірліктің бар ұғымын
лепіреді асардай арнасынан,
көтереді еңсені сан жасыған —
тұрса-дағы мысқылдап біреулерін
құйтырқы өмір көз салып жар басынан,
Сыйқыр әуен дем салып бұраңдаған,
өзге жайдың ешбірін ұға алмаған.
Жұлқынады жармасып жастығына,
құшақ жайып тұрғандай бұған ғалам.
Сұлу саздан жүрекке от дарыған
би кешінде тумайды жоққа күмән —
бойға қуат құйылып, ойға — шуақ
жарқыраған тірліктің шоқтарынан...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайдасың, қайран Құралай...

  • 0
  • 0

Айтылмаған әні бұл әз ананың,
Жазылмаған дастаны әкенің де.
Жылдар бойы кетірген мазаларын,
Айырылған кенеттен...

Толық

Жазира

  • 0
  • 0

Алдыңда өмірдің жолдары,
сан қызық өзіне тартады.
Тағдырдың тізгінін қолдағы
Жебесін тілектің дарханы.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Десек те асыл ұлмыз, ару қызбыз —
алдында махаббаттың қарусызбыз.
Әрқашан — жас болсақ та, кәріміз де
жүректің сусынына зәруміз біз.

Толық

Қарап көріңіз