Өлең, жыр, ақындар

Жаңа махаббат, жаңа өмір

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 335
Жаңа махаббат, жаңа өмір
Жүрегім, жүрегім, не болды,
Сенің өміріңді қандай ойға шомдырды?
Мен сені еш түсінбедім,
Жаңа өмірдің терең тұңғиығына сүңгіп кеттің.
Бар қуанышың, армандарың,
Еңбекке деген махаббатың,
Бар қызығың, бәрі де өтті-кетті,
Қалайша сен бақытсыздыққа душар болдың?
Күш-қуаты шектеусіз
Керемет сұлу жастың,
Ару-бойжеткеннің жұмақ құшағына
Өле-өлгенше сен түстің мәңгілік қамауына.
Қалайша қанат байлап, еркіндікке жете аларсың?
Тек сонда ғана бар жолдар алып барар.
Қайда қашып енді қамаудан құтыларсың,
Мүмкін бе енді, оны сатып кету?
Айналам тас қорғанда, өзімді-өзім танымастай,
Керемет бір жібек жіптерге оранып,
Шығар-шықпас жаным, билеп мен тербетілем.
О, жарылқап, аяңдаршы, құтқарыңдар.
Сиқырлы қамауда, түрмеде өмір сүріп,
Бір сылқымның табанының астында жату деген,
Мұншама ұятты қайтіп енді көтеремін?
Жіберші мені, махаббатым, жіберші!

1775



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарашадағы өлең

  • 0
  • 0

Садағыңның оғын, – ақ шаштыға қаратпағын,
Күннің бағытын жылжытып,
Көлеңкелеп жауып көк аспанның жарығын,
Бірінші қарды бізге сыйлаған.

Толық

Дидарласу және айрылысу

  • 0
  • 0

Жаным жанды, бітті халім,
Жөнелейін атқа мініп!
Бөледі кеш қыр алқабын,
Тау иығы түн жамылып.

Толық

Миньона

  • 0
  • 0

Сен білесің бе лимондардың
Бау бақшасын гүлденген,
Қызыл күрең тәтті
Апельсиндер жапырақтарына жабысқан,

Толық

Қарап көріңіз