Өлең, жыр, ақындар

Миньона

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 171
1
Сен білесің бе лимондардың
Бау бақшасын гүлденген,
Қызыл күрең тәтті
Апельсиндер жапырақтарына жабысқан,
Қоңыр салқын ауасы ерекше бір керімсал,
Мүлгіген тым-тырыстық айналаң,
Алтын жағалы гүлістан.
Жер жәннатын көріп пе едің?
Сен сонда болып па едің?
Сонда, сонда
Ғашық жандар, біздер
Жасырынсақ екен шіркін, мәңгілік.
Көрдің бе сен келіскен ғимаратты?
Биік зәулім алдыңғы мұнаралары төменге
Сән-салтанатты жарасып
Ерекше бір қарап тұр.
Тас мүсіндер сұрақ қойғандай:
Қандай жан, балам, саған жәбір көрсеткен?
Сен сонда болдың ба?
Сонда, сонда,
Кетер ме едің, менің қорғаушым, мәңгілік,
Тау биігінен қарап сен,
Аяғыңның астындағы бұлттарға назар салар ма едің?
Қашырлар арасынан
Әрең дегенде қашып шығып,
Азулы жыртқыштар үңгірлер
Түбінде шулап жатар.
Жартастар бір-біріне соғысып,
Сарқырама сулар тас жағалауларға кеп ұрынар.
Сен сонда болдың ба?
Сонда, Сонда,
Кәне кеттік, әкем менің, мәңгілік!

2
Сабыр бол, мен құпия-сырды ашпаймын,
Орнына маған үнсіздік міндеттелген.
Маңдайыма жазып қойса егер де,
Мен бар көңіл-күйімді ашып, шерімді шертер едім.
Күн жарқырап нұрын төккеннен
Түнгі ымырт та жоғалар.
Жолаушыға жолды ашу үшін де,
Жартастар да қақ бөлініп жарылар.
Бар көңіл-күйді айту үшін де,
Сүйкімді айтар сөздер баршылық.
Тек қана құдайым мені сөйлете алар,
Ал мен болсам үнсіз күйдемін.
1795

3
Менің қайғы-қасіретімді
Кім біліп, түсінер дейсің!
Көк күмбезіме қараймын да,
Көңіл-күйім құм болар.
Ең бір қымбатты жан,
Жердің арғы бетінде өмір сүрген:
Сол бір жазық даладан
Бұрылып кетіп қалған.
Көзім қарауытып,
Қасірет шегіп есімнен де адасам...
Менің қайғы-қасіретімді,
Басына түскен жан ғана түсінер.

4
Әзірше уақыт-мезгілі келмей тұрған кезде,
Әзірше мен өзгеше өлшемменен өмір сүріп,
Жердің астына жер бетінен кетпей тұрған кезде,
Мен ақ көйлек киіп шексіз қуанышқа бөленем.
Төбеміздегі бұлттарды жұлып алып,
Гүл тәждерді, белбеулерді шешіп тастап,
Аздап болса да өзіме тиістімді алып,
Мен сонда тып-тыныш еркін жатам.
Тіп-тік тұрып, көзіммен айналамды шолып өтем;
Аспандаған алып күштер болса да,
Сен әйелсің бе, еркексің бе,
Бірақ та денең түгел көрініп тұр.
Күндерім менің тоқтаусыз, өткенім де,
Шапқылаған сан қилы ізін қалдырған.
Енді міне, өкінішті күндер өтіп қартайғанда,
Қалғым келед мәңгілікке жасарып.

1796



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тышқандарды аулаушы

  • 0
  • 0

Күнделікті өмірде, сендер сүйер – әншімін,
Мен тышқандарды аулаушымын,
Көп жерлерде белгілі,
Бұл шаһарда да менің өнерім өте қажетті.

Толық

Жаным, сүйіктім, көрем сені...

  • 0
  • 0

Мың түрлі құбылып жасырына алсаң да сен, –
Жаным, сүйіктім, көрем сені,
Сиқырлы жамылғыштың астында жасырынсаң да, –
Қайда жүрсең де, көрем сені.

Толық

Вертерге

  • 0
  • 0

Уа, мың бір күйіп жанған жылаулы көңіл-күйім,
Сен бір бұл дүниеге мейман болып қайта келген!
Менің алдымда да ешбір қаймықпастан,
Жаңа егістіктің ортасына,

Толық

Қарап көріңіз