Өлең, жыр, ақындар

Вертерге

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 246
Уа, мың бір күйіп жанған жылаулы көңіл-күйім,
Сен бір бұл дүниеге мейман болып қайта келген!
Менің алдымда да ешбір қаймықпастан,
Жаңа егістіктің ортасына,
О заманның көлеңкесіндей болып түскендейсің.
Біздер үшін дала гүлдері тамаша бір гүлдеп өскен,
Түсірдің есіме сен сол кездердің алтын күнін.
Күндізгі күнгі ауыртпалықтардың бәрін ұмытып сен,
Қызыға қарайтынсың күннің қызара батқанын менімен бір.
Саған – кетуді, маған – өмір сүруді тағдырымызға жазыпты,
Өтіп бұл дүние жалғаннан,
Сен аз ғана затты жоғалтқандайсың!
Байқап қарасаңыз,
Өмірдің өзін бақытты болу үшін жаратқандай:
Таңғажайып күнді, қараңғы, түнді!
Адамдар ғұмыр жалған жәннәт жолында,
Мамыражай мамырдың ерте бір атқан таңында,
Өзгенің қолдауымен, не болмаса өзімен өзі
Күресуді де тағдыр, шіркін, жазбаған.
Жоқ! Бірі екіншісін толтыра алмас!
Айнала қап-қараңғы, жүрек болса жап-жарық,
Болғанда айнала түгел жарық,
Не болмаса жүректе – қараңғы түн,
Бақыттың өзі және де өзін танытпастан өтіп кетті.
Па, шіркін!
Әйел затының сұлу құдіреттілігін көрген жан,
Сен қандай қуаныштысың!
Ұйқы десе жанып тұрған жас жігіт,
Көктемге аяқ басып, өзі де көктемге ұқсаған.
Таңырқанып, ол таң қалады:
Барша әлем есігі оған ашылып,
Бүкіл дүние жүзі оған қараған.
Ақ сарай, үй-ғимараттарын, бәрін де қалдырып ол,
Нұр жүзі жайнап, күлім қағып.
Алыс сапар жолға асығуда,
Көкшіл аспан арасында құстай ұшып,
Қанат қағып биіктерде аспандап,
Рахатына құшарлана керім батып,
Көк аспаннан құлдилап зымырайды жерге қарай, –
Мұндағы сүйіктісі қырағы көзін қадап,
Шақырады бейбақты маған енді тұтқын бол деп.
Ерте ме, кеш пе – бәрібір бір күні білер ол,
Тұтқында болудың зеріктіретінін,
Ұшарға қанатының келтелігін.
Жүздесу – жарық, айырылысу – қараңғы езгі,
Жаңадан кездесу – бақытқа тола жарық өмір.
Жылдар бір-біріне сия алмастан,
Өтіп кетті қас-қағым сәт,
Қоштасулар мен ажырасулар
Және де өтіп жатыр болашаққа жалғасып,
Сенің қадала қараған көз жасың жалтырап жанып,
Қоштасудың керемет шебері деген атағың кетті әлемге жайылып.
Жылап сықтауменен өткіздің бар өміріңді,
Қуантып та, ренжітіп те, сен біздерді тастап кеттің.
Енді міне, және де белгісіз жәйт,
Небір түрлі қорқыныштар бізді жаулап алып,
Жаңадан ауыр жағдай пайда болды,
Жасырынып жатқан өлімнің білсем еді үзілерін.

1824



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Парабаза

  • 0
  • 0

Көңіл, шіркін, армандап, болып ынтық,
Өтер жылдар тоқтаусыз жылжып.
Сыйлағандай өзгеше бір,
Байқалғанмен көзге айырмасы,

Толық

Миньона

  • 0
  • 0

Сен білесің бе лимондардың
Бау бақшасын гүлденген,
Қызыл күрең тәтті
Апельсиндер жапырақтарына жабысқан,

Толық

Мұңлы шығарма

  • 0
  • 0

Нендей жаңалық әкелер екен жүздесу күні сағына күткен,
Ашылмаған өкініштің гүлін бе?
Тозақ па, әлде жұмақ па –
Қуаныш па, әлде реніш пе?

Толық

Қарап көріңіз