Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл құс

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 356
Жеңіл қанат қаққан салқын самалдарға,
Еріксіз мен таң қалам:
Сенсіз өмір сүруді сенен есіту сүйіктім,
Қаншалықты менің жаныма ауыр батар дейсің.
Ертегідей самалы есіп қараңғы түнек даланың,
Тыныштығын оятасың қайғы-мұңның.
Далалар мен орман, ну тоғайлардың бойынан
Қарап тұрсаң жас келеді шуақтап.
Көз нұрындағы құпия қайғы-қасіретті,
Қуып шығармағанда әлсіз ғана бір демің,
Үкілі үмітім үзіліп, кездесе алмай,
Ренішпен мен кетер ме едім.
Туған жеріңе құстай ұшып жеткін де,
Досыңның жүрегін тыңдап баққын!
Қаншама азап шеккеніңді сездіргенмен,
Кездескенде оны ренжітіп алмағын!
Сыпайлықпен зорлық жасамастан, сыйынғын.
Өзге істер маған түкке де керек емес.
Сенімен бірге махаббатым, өмір қуанышым,
Сені сүюмен өмір сүрем.

1814-1815



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштасу

  • 0
  • 0

Жаутаңдадым үнсіз тек,
Кенет тілім күрмеліп,
Айрылысу — қандай қасірет,
Жан едім ғой мен берік!

Толық

Март

  • 0
  • 0

Жауып тұр қар, жауып тұр,
Жайраңдайтын жаз қайда?
Жұпарын қырға жайып гүл,
Жұпарын қырға жайып гүл,

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Еш нәрсеге де назар аудармастан,
Кім өмір сүрген?
Дүние қозғалыста мәңгілік.
Күнделікті тіршіліктің рахатына бөленіп,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер