Өлең, жыр, ақындар

Коринфтің келіні

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 223
Афины шаһарына бағынышты
Қызметшілер орны болған Коринфке,
Белгіліз, жас жігіт мейман,
Өзінің әкесімен бұрыннан
Нан, тұз бірге бөлісіп жеген
Кісінің үйіне келіп түсті:
Жас кезінен,
Бір-бірімен құда болып,
Бірін келін, бірін күйеу деп,
Атап, ұн жағысқан.
Архан-дархан, жақын-туыс достарындай,
Жоғары дәрежеде сый-құрметпен күткендеріне,
Бұл байғұс бейбақ жас бала жігіт қалайша жауап бермек,
Үйден сыртқа алыстап еш шықпаған
Болғанда ол – жас бала жігіт.
Олар болса – жақында ғана өз дінін қабылдаған!
Дін туралы сөз бола қалса –
Ұрыс-керіс, жанжал,
Сол заматтан-ақ,
Махаббат та, достық та,
Желдей есіп жоғалар!
Анасынан өзге жандар, бәрі де ұйқыға кеткен,
Асты-үстіне түсіп жас мейманының жолын бағып,
Дастарханын толтырып, нешебір түрлі дәмді тағамдар,
Жеміс-жидектерге толтырып,
Шірін-шәрбат шарапты да алып келді.
Шам-шырақты да жанына әкеліп жағып қойды.
Қаншама жарықтық, шіркін,
Ана жалпақтап бәйек болып жүргенменен,
Жас бала жігіт, жолдан шаршап келген,
Тамақтан дәм де татпастан,
Шешінуге де киімдерін шамасы келместен,
Төсекке құлап жата кетті.
Түннің бір жарымында қараңғыда,
Есік айқара ашылып,
Жігітке қарап бір белгісіз жан,
Аяғын әсте басып келеді.
Бойжеткен қыз, аппақ-жібек,
Көйлек-кимешек киген, жайлап қана:
Ұзын ұлпалы қоңыр-қара шашы,
Терезеден түскен ай сәулесімен бірге,
Қара алтындай жарқ-жұрқ етіп, жарқыл қағады.
Жас жігіттің жанына кеп,
Қыз таңырқап, еркелеп,
Аппақ-ақ қолын созады.
«Мен бүгінде өз үйімде, бөтен жан секілдімін, –
Деп әрең сөз қатты, тынысы тарылып, –
Сіздің, мейманның келгенін де байқамаппын,
Оным, кешір, өте ұят бопты.
Қайырлы түн, саған енді,
Жайыңда жайлы жатқын,
Мен енді өзімнің қараңғы бөлмеме,
Қайта оралайын!»
О, бойжеткен, тоқташы бір сәт, –
Деп жігіт дауыс берді, –
Өтінемін, жанымда қалшы,
Таңды бірге екеуміз қарсы алайық!
Қарашы, құдіреттім өзі қолдап,
Алтын арайлы түннің,
Жайма шуағын сыйлап тұрғанын.
Сен жанымда болсаң,
Бақ та, бақыт та жанымызға келіп енгендей!
«Қойшы, жас жігіт, маған мұншама,
Бақ, бақыт, қуаныш та бұйырмас»,
Ата-анам қалауымен шешім қабылдап, шешіп қойған
Бір күні анам қатты ауырып,
Өлім ауызында жатқанда,
Ант жасап мені,
Бар жастық өмірімді, бар жанымды,
Құдіреттіме құлшылық жасап,
Қызмет етуге бұйырды!
Енді құдайымның берген
Жақын қуаныш-күлкісінен де айырылып,
Жаңа сенім күштеп қуды бәрін де,
Енді бір ғана өзі патшалық құрып,
Тек өзі ғана билеп-төстемек!
Үгіт-насихат – бекер іс,
Енді өлмес бәрі де,
Күмән болған адамдардың есебі жоқ бүгінде!
Жігіт қыздың сөзін тыңдап болып:
«Жаратқаным бүгінде, тып-тыныш айлы түнде,
Күтпеген не деген тамаша-таңғажайып,
Менің алдымда тұрған періштем, ғашығым ба?
Уа, берілші маған, мендік болшы мәңгілік.
Екеумізді куә болып құдай қосқан!»
«Мені сенімен бірге болу,
Тағдырыма жазбаған болса керек, жаным,
Құр бостан босқа қиялданып әуре болма,
Жақында мені о дүниеге алып кетер бір құдірет,
Сен менің сіңліме бұйрық болса қосыларсың.
Дегенмен де түсіңе еніп, ойыңда сақта мені де,
Ия мені ойла, сіңлімнің құшағында сен бірге болғанда!»
«Жоқ, біздерге құдіреттім ерекше бір шырағын жағып,
Гименнің жарығын берсін,
Мен сені бірге өмірге көтеріп көңіліңді көкке,
Алып кетем алыс төрге!
Маған сенгін, сүйіктім, сенгін,
Енді екеуміз мәңгі біргеміз.
Некелік тойымызды дәп қазір, осында біз жасаймыз!»
Екеуі бір-бірін сыйлайды:
Бойжеткен асығуда алтын зергерін алуға –
Жігіт болса сәнді әсем сыйлықты,
Қуана-қуана беруге құштар.
Бойжеткен берді жауап:
«Сыйға ұсынған сәнді әсем сыйлғыңды алмаймын,
Мен сенің бір тал шашыңды ғана аламын!»
Түн жарымы болғанда – бір-біріне қадала қарап,
Болмашы өкініштер де ұмытылып,
Жарқ-жұрқ етіп, жүздеріне жан бітіп,
Түр-түстері бозарып демде,
Қою қара қандары бастарына шапқандай:
Аш болып, қаншама құмарланса да,
Дастарханнан тәтті дәмді көріп, алмады.
Бойжеткен қыз жігітке шоқ гүлін алып, ұсынды,
Жігітке ерекше бір қуат-күш келгендей,
Бойжеткенді құшағына алып құшу арман.
Қыз болса бөгеп қолын – қарсыласқан,
Жігіт қапалықтан, сөреге сұлқ етіп құлай кетті.
Көзден жас ағылды бұлақтап кеп,
Бойжеткен қыз жанына жақындап келіп тіл қатты.
«Сені аяймын, жүрегім кетті елжіреп,
Бірақ та, жаным:
Менің таза денеме қолың тисе егер,
Ес-түсіңнен кетерсің сен айырылып.
Мен ақша қардай тұйықпын,
Мен тау мұзындай салқынмын,
Сенің алдыңда да мен жылу таппаспын!»
Не де болса, оттай жанған күші асып-тасып,
Жігіт бойжеткен қызды құшағына құмарлана қысып:
«Сен табытыңнан босаншы, өлмеші енді,
Мен саған жылу, өміріңе қуат-күш беріп жан берейін!»
Екі жасты бір-біріне бір құдірет күш жақын тартып,
Бойжеткен жігіттің құшағына еліктеп еніп,
Сүйгенінің ыстық демімен біргелесіп дем алып, естен танды,
Ешбір күш те ажырата алмас, ер жігіттің махаббаты,
Бойжеткеннің тоқсан тоғыз тамырын елжіретті, балқытты,
Жүрегі де қас қағым сәт тоқтап қалғандай..
Бір шолып өтпекші боп түн де болса,
Қыздың анасы жақын келді есік жанына,
Түсініксіз шулы дыбыстар естілді ішкі жақтан,
Байқамаққа құлақ түрді.
Ғашықтар үндесі бір,
Шөлпілдете сүйіскен дыбыстар,
Және, және қайталаумен тынымсыз!
Жайлап келіп, тынысын ішке жұтып,
Күтіп отыр – болған істі түсініп –
Күрсінген терең тыныстар,
Жылаған көз жастар,
Өршелене безек қағып,
Естен танып, жан құшу:
«Таң да атып келеді – және де біздерді,
Махаббат күймесінен үн қатып,
Ғашықтар кемесіне сүйреді!»
«Мәңгілік жалғаспақ! –
Аса сүйіспеншілікпен келді жауап».
Бәрін де естіп,
Көрген қыздың анасының
Бар шыдамы таусылып,
Құпия кілтін тауып алып есіктің:
«Бұл үйде бұндай қыз жоқ,
Көрінгенге көне салатын?»
Ашуланғаны соншалық,
Өзін-өзі ұстай алмастан,
Жай таба алмастан кетті долданып,
Есікті ашып қалған еді –
Өзінің туған қызын көрді.
Күтпестен төтенше келген адамды,
Жас жігіт қалды бірден сасып.
Терезенің пердесін жабуға ұмтылды,
Жалаңаш жатқан қыздың денесін,
Ақ жамылғышпен жаппақ болды.
Бәрін де жұлып тастап,
Сөреден тіп-тік боп, бойын жаза,
Жайбарақат көтерілді орнынан,
Көрініп періштедей бойжеткен.
«Ана, уа, анашым, айтшы,
Келдің бе сен?
Менің ләззат түнімді бұзбақ үшін?
Осы ыстық жұмақ ақ отау төсегімнен,
Айдалаға, алыс ызғар-суықтарға
Қамшылап, қумақпысың?
Бұл дүние, жалғанда
Аз ба еді сенің өкінішің,
Өз қызыңды тірідей өлтіріп көмгенің?
Қаншама мені өлтіріп көмсең де,
Құдіретті күш келіп қолдап тұр: өмір сүргін деп.
Сендердің жан айқайларыңның бәрі де бос сөз,
Поп, молдаларға бекерден-бекер тамақтарын құрғатад
Жастықтың, жалын атқан ғашықтар үнін,
Ешбір билік те, күш те,
Жер жүзінде, өлімің де өшіре алмас!
Осы қатарларды шолпан жұлдыздар маған,
Берген қанат, бақыт, бақ гүлімді жас шағымнан.
Сен сеніп жан тәніңмен жаңа дінге,
Қабылдап сен, кеңістіктен,
Жаңа дінді, о анашым,
Жазылмастай, естілместей бәрімізге жара салдың!
Кеңістікте ондай құдірет жоқ!
Білгін, кездейсоқ келіп мені өлтірер күш,
Менің махаббатымды ұрлай қоймас,
Мен енді таптым сүйіктімді, ғашық жанды,
Мен оның сүліктей сорып алдым,
Қалдырмастан қасық қанын!
Ардақтым, мейман болып келген алыс елден,
Бүгінде сен жазаландың,
Қорлық көрдің, жәбірлендің.
Мойныңа құрық , аяғыңа шынжыр салдым,
Шашыңнан алып талдарынан,
Жіп етіп өріп ширатамын.
Көрдің бе сен оның түр түсін?
Ертеңгі күн аппақ болар қу шашың,
Әп әдемі, сұлу, сүйкімді,
Шырайлы болып қайта келерсің!
Анашым, тыңдайсың ба,
Соңғы құдіретіме сиынуымды,
Өміріміздің отын жақшы деп бұйрық берші,
Тұңғиықтан босатшы мені,
Жағылып мәңгі ғашықтар жүрегіне,
Бейбіт отын жақшы мәңгі!
От-шоғынан түтеп шығып біргелесіп,
Құдіретті Аллам өзіңе барып жетсек дейміз!

1797



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі ойлар

  • 0
  • 0

Аяймын мен, жұлдыздар, бейбақ сендерді!
Жайнағанда сендерді мен сән көрем.
Теңізшіге төгесіңдер сәулеңді,
Рақым күтпеп құдайдан да пендеден.

Толық

Қырдағы гүл

  • 0
  • 0

Айдалада қызыл гүл,—
Көрді соны жас бала.
Аймалады, қызықты,
Иіскеді бассала.

Толық

Соқыртеке

  • 0
  • 0

Достым, бойжеткенім, Тереза,
Сенің темірден де өткір,
Ашулы көздеріңнен қорқамын!
Сонда да сен ертіп жүріп,

Толық

Қарап көріңіз