Өлең, жыр, ақындар

Тамылжыған түн

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 250
Менің сүйіктімнің қаны тамған,
Мекен жайдан қоштасып барамын.
Мен жайлап қадамдап қалың орманға еніп,
Емен ағаштардың есігін жәйлап қағам.
Ай шарасынан асып тасқандай:
Түнгі аң, құс, көбелектер улап-шулап,
Ақ қайыңдар майыса бір-біріне жарасып,
Бәрі де тату тәтті келісті құйылғандай.
Жазғы күннің күңгірт түнінде
Рахаттана мен салқын судан сусындаймын!
Көңіл күйім жадырап,
Тыныштық орнап, жай табар.
Құштарлықтың өзі түсініксіз.
Дегенмен де осындай бір керемет
Сенімен бірге өткізген бір күніме,
Сенсіз өткен мың түнімді берер едім.

1767/1768



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушының түнгі әні

  • 0
  • 0

Тұрып сен, шыңда, беткейде,
Жер қайғысын жырлайсың
Екі есе қасірет шеккенге,
Екі есе медет сыйлайсың!

Толық

GINGO BILOBA

  • 0
  • 0

Менің бақшама келіп түскен,
Жалғыз жапырақ Шығыстан,
Түсінер жан болса егер,
Оның өте құпия сыры бар.

Толық

Қазанға айтты, құмыра дандайсып...

  • 0
  • 0

Қазанға айтты, құмыра дандайсып:
«Сөйлеме сен, көргенсіз ақымақ,
Өшір үніңді, мақтанбағын ерекшемін деп!
Біздің асханада да болмай жатып,

Толық

Қарап көріңіз