Өлең, жыр, ақындар

Аңыз

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 230
(1776)

Қуғын монах жүрген қаңғып сап, құмда
Кездесіпті ешкіаяқ бір маймылға.
Фавн-маймыл сонда одан сұрапты:
«Көрсем деймін мен де рақат жұмақты,
Үй ішімді қосып мені дұғаңа,
Айтшы бізді көкке апар, деп хұдаңа».
Сонда әулие оған жауап қатыпты:
«Жоқ, мен үшін қауіпті бұл сұрағың,
Мен сен үшін дұға қылман, шырағым.
Кіре алмайсың жеті жәннат біріне,
Ешкіаяқ-ау, қарасайшы түріңе».
Деді Фавн, сөздің соңын тоспай-ақ:
«Жә, жарайды, мен болайын ешкіаяқ!
Жүр ғой жүр есекбастар талай мол,
Сол жұмаққа табады олар қалай жол?»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Су үстіндегі рухтар әні

  • 0
  • 0

Адам көңілі ағын судай:
Аспаннан түсіп, аспанға ұмтылар.
Аспаннан қайталап
Жер-анаға келіп қонар.

Толық

Ильменау

  • 0
  • 0

Армысыңдар, бауыры құт көк белдер!
Балалық шақ, бал дәуренім өткен жер!
Баяғыдай жап-жасыл боп жайқала,
Құшағыңды ашшы маған айқара!

Толық

Аңыз

  • 0
  • 0

Данагөй ақылымен
Барша әлемге даңқы шыққан,
Мөлдір таза, жаңадан атқан таң сәулесіндей боп,
Келеді періштемнің әйелі су алуға.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер