Өлең, жыр, ақындар

Кофта жырлары

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 213
(1787)

I
Ақымақтармен болсын әуре ғалымдар,
Мәттақам ғой шаршамайтын пақырың!
Ал даналар бізді дәйім қабылдар,
Айтар және әзілді-шын ақылын:
Ақымақтарды жөндеймін деу — сандырақ!
Ой перзенті, бір нақылға сал құлақ —
Дәйіс болып қалғаны артық дәйістің!
Баяғыда, мен бозбала шағымда,
Нұр молада жатып мерлин1— шалың да
Маған айтқан бір нақылмен таныспын:
Ақымақтарды жөндеймін деу — сандырақ!
Ой перзенті, бір нақылға сал құлақ —
Дәйіс болып қалғаны артық дәйістің!
Шықсаң күнес асқарына Үндінің,
Кезсең Нілдің қара түнек үңгірін,—
Бәрі айтады құддұс жақын, алыстың:
Ақымақтарды жөндеймін деу — сандырақ!
Ой перзенті, бір нақылға сал құлақ —
Дәйіс болып қалғаны артық дәйістің!

II
Айтқанды тыңда! Жолға шық!
Аяқты баспа алжасып,
Сақтықтың үйрен білімін!
Арам ғой тағдыр безбені,
Жібермес бекер сезгенін,—
Қимылын аңды тілінің!
Кімсің сен? Тұтқын қормысың?
Жеңімпаз жаңа ермісің?
Тапталған төстей жермісің?
Балғадағы әлде өрмісің?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің Эдемің

  • 0
  • 0

Ең бір ғажап сұлу жанның алдында,
Бар күш-қуатым таусылды.
Қанатты күнім сызданып мұңайды,
Есептеп сен әрбір сәтті, тұнжырап,

Толық

Қонақасы

  • 0
  • 0

Қайтыңдар деп шай ішіп бір,
Шақырып ем көп мейман.
Дастарқаным майысып тұр:
Балық асып, ет қойғам.

Толық

Махаббат әліппесі

  • 0
  • 0

Махаббаттың әліппесі — шырын бал.
Кітаптардың төресі екен шынында.
Оқыдым мен әр бетіне зер салып,
Миллион бет — таусылмайтын мұңын да,

Толық

Қарап көріңіз