Өлең, жыр, ақындар

Солдат бақыты

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 215
(1814)

Жараланбай келесің, деп,
Жұбатпашы құр мені!
Тағдырға ерік бересің де,
Тартасың да ілгері.
Таусылмас бір шеру көптен,—
Бәріне де үйренгем.
Лагерьде де ерулеткен
Арылмапсың күйбеңнен.
Әр тоғышар бір тілдейді,
Үй табу да азaп бір,
Ақсүйектер зіркілдейді,
Көретінің мазақ құр.
Тұрғаныңмен сызылып-ақ,
Қожаң сыра бермесе,
Қас-қабағың бұзылып-ақ,
Тілдемей көр, ендеше.
Естіліп бір атыс таңда,
Зеңбіректер күркіреп,
Тұяқтардан от ұшқанда
Орындалып бір тілек;
Жорық болып тек есіңде,
Жайнап салар жандайсың.
Жеңілесің, жеңесің бе —
Награда алмайсың.
Құдай оңдап, аяғыңа
Бір оқ келіп тиді ме,
Алыс қалған баяғыда
Ұмытасың үйді де,
Бұл күй неткен бөлек еді,
Бар азаптан жан ада.
Сені арқалай жөнеледі,
Жаулап алған қалаға.
Өтті де бір жорық бастап
Оңашарақ ғалдың ба,
Қатын біткен. қорықпастан
Қылмаң қағар алдыңда.
Айқара ашық — бәрі дайын,
Құшақ — ыстық, ерін — гүл,
Ұмытылып бар уайым,
Құс төсекте керіл бір!
Бәйбішенің бейнесінен
Біліп қойдық араңды,
Баласының жейдесімен
Таңып жатыр жараңды!
Көріп соның көп қылығын,
Кірді бойға әл демде.
Көрші әйел де жетті бүгін
Құрбысына жәрдемге.
Көңіліне қарасын ба,
Құлақтанды қалған ел.
Абысындар арасында
Жатты емделіп ардагер.
Жақсы лебіз қалай ғана,
Жата қойсын, тегінде,
Жетті хабар сарайға да
Батыр солдат жөнінде;
Жоғарының жарлығын ап,
Омырауына тақты орден.
Әйел біткен қалды жылап,
Орын берген қақ төрден...
Біздің солдат ертесіне,
Айығып та, толып та,
Айналып ел еркесіне
Кетті аттанып жорыққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңлы шығарма

  • 0
  • 0

Нендей жаңалық әкелер екен жүздесу күні сағына күткен,
Ашылмаған өкініштің гүлін бе?
Тозақ па, әлде жұмақ па –
Қуаныш па, әлде реніш пе?

Толық

Қырдағы гүл

  • 0
  • 0

Айдалада қызыл гүл,—
Көрді соны жас бала.
Аймалады, қызықты,
Иіскеді бассала.

Толық

Жігіт пен диірмен өзені

  • 0
  • 0

Жігіт
Қайда ақтың, өзенім,
Неге асықтың?
Мұнша неге мәз едің,

Толық

Қарап көріңіз