Өлең, жыр, ақындар

Сақтық

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 332
Тағыныпсың інжу-маржан,
Мадақтамай көр, ақыным.
Дұрыс шығар үнсіз қалған,
Жаудырсам ба сөз ақығын.
«Әр тас асыл, нұр сәулелі!—,
Деген сөз тұр бір ұшында,
Деп күйгізіп көрсе-ау мені,
Жалын бұққан бұрышында.
От жалыннан жоқ шапағат,
Деген есті сөзді ұққам мен.
«Тұл бойыңда жоқ мархабат,
Інжу-тасың көз қысқанмен».
Еркін әннің ерке сырлы саздары,
Осы құйттай кітапшада жиналған
Бар осында, жердің күллі наздары
Сыйғыза алмай әлем, ғарыш қиналған.
Кәрі уақыт мәйітшісі ғарыштың,
Бірақ ерке ән оған ерік бермейді.
Еркін саздар сөнбеу үшін жарысқын,
Шын махаббат — нағыз әндер өлмейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғафизге

  • 0
  • 0

Жоқ, Ғафиз, сенімен теңесуге –
Қайда дейсің бізде!
Ақ желкен кеме қанатын қағып,
Құстай ұшып келеді,толқынменен біргелесіп.

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Балбыраған бәйшешегі баулы бақ.
Бұлақ аққан күміс суы сылдырап.
Желпінеді жиегінде ақырын,
Алқызыл гүл, аласа бір қызғалдақ.

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Еш нәрсеге де назар аудармастан,
Кім өмір сүрген?
Дүние қозғалыста мәңгілік.
Күнделікті тіршіліктің рахатына бөленіп,

Толық

Қарап көріңіз