Өлең, жыр, ақындар

Түнек кетіп, жалғасты

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 277
(1827)

Түнек кетіп, жалғасты
Алшақ белдер жақындап.
Жанды көкте, алғашқы
Алтын жұлдыз жарқырап.
Тайды бәрі, жоғалды,
Қатпар тұман ыдырап.
Түнектің түсі сұрланды,
Ұйқылы көл жылтырап.
Аясынан шығыстың
Туар ай, міне, толғанды.
Шыбығымен шіліктің,
Ойнап толқын ырғалды.
Сәулесі жарып бұлдырды,
Ай толықсып тұр көкте.
Самал сипап жүзіңді,
Енеді біздің жүрекке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын-жазушылар қайда, байқалмаған?..

  • 0
  • 0

Ақын-жазушылар қайда, байқалмаған?
Жоқ енді ондай пенделер де.
Қобызшы қайда,
Өзін ерекше бір өзгеше жандай санаған?

Толық

Кездесу мен қоштасу

  • 0
  • 0

Көңілім отқа оранған, күшім де жоқ енді,
Тезірек егерлеп атты далаға ұшқым келеді!
Тау жағасын қараңғылық, ымырт басып,
Айналам тұңғиыққа оранып, кеш те болды.

Толық

Жаным, сүйіктім, көрем сені...

  • 0
  • 0

Мың түрлі құбылып жасырына алсаң да сен, –
Жаным, сүйіктім, көрем сені,
Сиқырлы жамылғыштың астында жасырынсаң да, –
Қайда жүрсең де, көрем сені.

Толық

Қарап көріңіз