Өлең, жыр, ақындар

Сөз аулаған күн

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 189
Қадалдым неге жалғыз нүктеге,
Сүңгі-мұз кірпік… көз жаурап?
Үйлесім таппай мынау тірліктен,
Кеңістікте ұшқан Сөзді аулап.

Шақшадай баста –
зымыран ойлар!..
Табаным жерді мекендеп.
Тізбегін сөздің аңдумен өттім,
«Тұсымнан қашан өтер?» деп…

Сан соқтырады сиқыр Сөз-әлем,
Аңғал жандарға тек біздей.
Жалған сәулеге көз байланғанда,
Өтті де кетті жеткізбей.

Көлдің бетінен сұлулық іздеп,
Айды да көктен қызықтап.
Қосмекенді өмір кешкеннен соң ба,
Алаң-салаңмын ұмытшақ.

Жүректі шарпыр сезімдерім көп,
Жай таппас жыр боп тынғанша.
Сиқырлы Сөзді зарыға күтіп,
Құсұйқы болған түн қанша?!

Шаттыққа шомам Сөз аулаған күн,
Бөліспей қалай іркемін?!
Кестелі жырмен
Жылаған жүрек
Көз жасын еппен сүртемін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезіп тұрмын

  • 0
  • 0

Біреулер өнеріңді сөз етіпті,
Біреулер өлеңімді сөз етіпті.
Бәрін қойшы біз бірге жүрген кездер,
Көзді ашып жұмғандай тез өтіпті.

Толық

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 0
  • 0

Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Толық

Жасырамын сөзімді

  • 0
  • 0

Болсам ба екен жаныңның құрбандығы,
Көркін ашып бағыңның тұрған гүлі.
Саған айтқан сөздерім жазған жырым,
Айтылмаған сөзімнің мыңнан бірі.

Толық

Қарап көріңіз