Өлең, жыр, ақындар

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 737
Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Жақыным десем, жат екенсің ғой.
Жүрекке айтсам көнбеді.
Біреуге таудай әке екенсің ғой.
Елесің жап-жас мендегі!

Біраз адамға керек екенсің,
Арқалап алған жүгің бар.
Төбеден құлдап келеді екенсің,
Болшы деп алла өзің жар.

Беттерін жиі санайды екенсің,
Күнделігіңді жаптырмай.
Жазыңды қимай, қарайды екенсің,
Тырнаны қайтқан жақтырмай…

Сағыныш,мұңға тоқ екенсің ғой.
Тимепті себі шешімнің.
Жетісіп жүрген жоқ екенсің ғой,
Кешірдім, бәрін кешірдім…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен бе әлде

  • 0
  • 0

Бұтақ-бұрым ақ лентамен өрілді,
Ақ бояумен сырлады қыс жолымды.
Саған деген көңілімнің алдында,
Ақша қарды шаң басқандай көрінді…

Толық

Ауылға асықтым

  • 0
  • 0

Тентек ұлдай тұратын жиі ысқырып,
Желге сәлем аитсам ба қыйыстырып.
Туған мекен қайыңның жапырағына,
Тұрғым келді бетімді түйістіріп.

Толық

Бір әуен бар

  • 0
  • 0

Топырақтай гүл тозаңын жасырған,
Күн сезімін аңсаған.
Күткен едім, жолығатын сол күнді,
Қайда жүрсең болшы аман!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар