Өлең, жыр, ақындар

Сен бе әлде

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 221
Бұтақ-бұрым ақ лентамен өрілді,
Ақ бояумен сырлады қыс жолымды.
Саған деген көңілімнің алдында,
Ақша қарды шаң басқандай көрінді…

Қайдасың деп шымшыды аяз қолымды,
“Туған жерге барып қайтсаң орынды”
Қыр соңымнан қуып жеткен ағыс та,
Саған қарай бастайтындай көрінді…

Сен қаттырақ сүйіп беттен тұр ма деп,
Ойлап қалсам үскірік қой қырма бет.
Мазамды алды етігіме қол сұғып:
“Әлі күнге неғып жүрсің мұнда” деп.

Тұлпар жылы босап келген шідерден,
Сағыныш па жібек жалын кім өрген?
Бір соғар деп ала берсең мазасын,
Соның бәрін сенсің бе әлде жіберген?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Азаттықтың исі

  • 0
  • 0

Бұл көшке атан да ерді, тайлақ та ерді,
Бұл көшке ертоқымды, жайлақ та ерді.
Келдім деп бәлсінбеймін бір ғажап күш,
Тұрғызбай қолды-аяққа айдап келді!

Толық

Күрең жапырақ

  • 0
  • 0

Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Толық

Іздеме мені

  • 0
  • 0

Апта мен айлар ауыспақ түгіл,
Жылдардың көші қыр асты.
Мұңдарды мұжып тауыспақ түгіл,
Жас келер көзге тым ащы.

Толық

Қарап көріңіз