Өлең, жыр, ақындар

Іздеме мені

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 490
Апта мен айлар ауыспақ түгіл,
Жылдардың көші қыр асты.
Мұңдарды мұжып тауыспақ түгіл,
Жас келер көзге тым ащы.

Жаныма азық аламын кейде,
Ән-жырдан және жаңбырдан.
Керуеншіге ұқсаймын бейне,
Жүзігін артта қалдырған.

Өзгертер едім жүзігім барда,
Қысты да жасыл көктем ғып.
Бас игізбейді мендегі дара,
Тәкаппарлық пен өктемдік.

Кешіп келемін құмырсқа тірлік,
Қиялды жиып шарқ ұрған.
Ғұмырым қалды бір жарты күндік,
Іздеме мені артымнан.

Қырсықтығыма күрсініп көктем,
Шықтарын төккен таң жылап.
Кезінде сеннен көп нәрсе күткем,
Ендігі сөзің сандырақ…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, бұлттар

  • 0
  • 0

Бір жұтым суға шөлдеген қан тамыр сынды,
Аспанды ары итерген Хантәңір сынды,
Кім түсінеді, Ей, бұлттар!
Жерге ынтық сенің,

Толық

Қара көлік

  • 0
  • 0

Беймезгілде қай сезімге еліттім,
Сыйластық пен қимастық бір деп ұқтым.
Елеңдеймін қара көлік зу етсе,
Түсі қара сіз мінетін көліктің.

Толық

Қиялымды қайтейін

  • 0
  • 0

Қиялымды қайтейін көз ілмеген,
Сая таппай еш жерден безілдеген.
Қалай ғана кеткенсің біте қайнап,
Қуанышты, қайғылы кезімменен.

Толық

Қарап көріңіз