Өлең, жыр, ақындар

Азаттықтың исі

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 519
Бұл көшке атан да ерді, тайлақ та ерді,
Бұл көшке ертоқымды, жайлақ та ерді.
Келдім деп бәлсінбеймін бір ғажап күш,
Тұрғызбай қолды-аяққа айдап келді!

Тауменен көмкерілген айдындаймын.
Өзіңнен енді ешқашан айрылмаймын.
Бітпейтін бір қуаныш бар кеудемде,
Біреулер жақтырмас деп қайғырмаймын.

Жайсыздау, үйсіз-күйсіз өтсін жылдар,
Кез болар кедергінің көптігі бар.
Сонда да ешқашан да ортаймайтын,
Көңілдің бір ғажайып тоқтығы бар…

Біз жаққа барып қайтқан ақын бұлттар,
Ақыры Алатаудың қасында ықтар.
Көзінде қандасымның өзі сезбес,
Өзіме байқалатын жақындық бар!

Көрсем де тағдырымның ауыр сынын,
Болды ғой жатсынбаса тауым, шыңым…
Алуға сәлемдесіп кең даламмен,
Қыранның жалға алсам ба қауырсынын!

Ауадай жер бетінде керегім сен.
Бақыт сол-көш соңына ере білсем…
Көзімнен қысылғаннан жас шығады:
Симайсың шумағына өлеңнің сен.
Азаттық !!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос кеме

  • 0
  • 0

Біле алмадым.
Қуаныш па қайғым ба,
Құлашымды тым алысқа жайдым ба?
Ақ жалаулы сенің кемең жолықты,

Толық

Мен сені сағынамын

  • 0
  • 0

Мен сені сағынамын,
Қызметшің болуға жаралғандай,
Тоты келіп қасыңа таранғандай.
Қабағыңа қарап ап елп етемін,

Толық

Күзгі көңіл

  • 0
  • 0

Құлпырып жайнап жүргенде,
Тумасы хақ күнде өлең.
Табыстым тағы мұңменен,
Қауыштым қайта жырменен.

Толық

Қарап көріңіз