Өлең, жыр, ақындар

Күрең жапырақ

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 200
Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Сарылтқан әбден
Сағыныштарды аластап.
Сары күз емес
Күрең күз келсе жараспақ.

Арманы көкте
Болғанмен жерде тұрағы.
Күрең жапырақ
Жүзімді сипай құлады.

Аялап оны,
Алақанымды тосқанмен.
Нарқымды қалай
Теңестіре алам аспанмен?!

Күрсініп едім,
Ойымды бөліп бірақ та,
Телефон дауысы,
Таныс үн келді құлаққа.

“Жапырақ жауса,
Бір жақсы тілек тілеп қой.
Күрең жапырақ,
Күй толып кеткен жүрек қой!”

Күрең жапырақ,
Шашуы күздің шашылған.
Күз айтып қойды,
Сезімдерімді жасырған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнсіздік

  • 0
  • 0

Үн-түнсіз келіп қасыма,
Қолымды қыстың ақырын.
Қолымды алып қашуға,
Жетпеді мүлде батылым.

Толық

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 0
  • 0

Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Толық

Жыр оқыдым

  • 0
  • 0

Сұрама қандай халде болғанымды,
Бір ысып, сездім бірде тоңғанымды.
Төмен қарап алдыңда жыр оқыдым,
Діріл басып кетіпті қолдарымды.

Толық

Қарап көріңіз