Өлең, жыр, ақындар

Тамыз бекеті

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 306
Мендегі арзан шаттықты мөлдір мұң жеңді,
Көндіре алмадым ырқыма көндіргім келді.
Тамыздың кеші тамылжып тəтті күй шерткен,
Елжіреп тұрып еске алам сол бір күндерді.

Елжіреп тұрып еске алам, жазығым қанша?
Əл жиғызатын сол шақтар азығым болса.
Өзімнен басқа жауапқа тарта алам кімді,
Келмейтін күтіп кемені жазым ұрланса?!

Бермейді сосын сұрақтар өзіме тыным,
Кетпестей ұя салады көзіме мұңым.
Бақыт дейтұғын мейманның сезбедім бірақ,
Тамыз дейтұғын бекеттен кезігетінін.

Сүйінші сұрап қос өзен жосыла аққанда,
Аң-таң боп тұрдық сəл ұқсап ақымақтарға.
Куəміз деді екі тау бақыттарыңа,
Алаңсыз жерге құлады жапырақтар да.

Жаныма алдым керегін күмбір үндерден,
Көзіміз ессіз қуанды бір- бірін көрген.
Күннің де көзі жүректі күйдіретұғын,
Ғажайып мұндай бекетке кім бұрын келген?!

Мендегі арзан шаттықты мөлдір мұң жеңді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астанам

  • 0
  • 0

Есімің жатқа күйік болғаны үшін,
Бәйтерегіңнің биік болғаны үшін.
Табанға бізді таптағысы келген,
Зұлымның жолы тұйық болғаны үшін,

Толық

Қызыл жапырақ

  • 0
  • 0

Көшіп жатыр бір дәурен,өтіп жатыр басымнан.
Сыңғырлатып керуенін ұзап барад қасымнан.
Күз дегенің не тәйір,
Қоштастым ғой сізбен де.

Толық

Ата жұрт

  • 0
  • 0

Ата жұрт саған жетпей тынбас балаң,
Қыранды қыран деме шыңға аспаған.
Тйеп ап жырдан жасау келіп тұрмын,
Демеңдер көш оңбайды қыз бастаған.

Толық

Қарап көріңіз