Өлең, жыр, ақындар

Қымыз көңіл

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 169
Шақтарыма қош айтысып мұңайған,
Кешіп жүріп зорға шыққам мың ойдан.
Сағыныштың сары шекпенін лақтырғам,
Салар дейсің жүрекке деп кім ойран.

Алаңсыз кез қайтып келді қайтадан,
Бақтар маған бақыт жайлы айтады ән.
Жаңа құйған кеседегі қымыздай,
Көңілімді сен кім едің шайқаған?

Көзіңдегі күлкі ме екен, жас па екен,
Жаның сенің жалғандыққа қас па екен.
Қымыз көңіл шайқалмас ед кеседе,
Қолдарымды неге діріл басты екен?

Қалған сырды көкірегіме сақтасам,
Жөн болар ау осы жерден тоқтасам.
Шығуға енді жете бермес дәрменім,
Мың бір ойдың ортасына тастасаң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың қызы

  • 0
  • 0

Көзінше жұрттың қарамас телміріп жарға,
Сағынған шақта ес көрер жасанды елесін.
Сүйемін деген сөзін де айтады іштей,
Сағындым деген сөзі сол: - қашан келесің?

Толық

Бір бақшада баптайық

  • 0
  • 0

Мент үшін саған өзге жетеді кім?
Сен келсең маңайымнан кетеді мұң.
Сен дағы бір ауылдың серісісің,
Мен дағы бір ауылдың сетерімін.

Толық

Мұқит асқан ағаға

  • 0
  • 0

Күн сап қарап шылауыштың астынан,
Әжелерім бір құдайға тапсырған.
Жылай-жылай бұл пәнимен қоштасқан,
Емдей алмай сағынышын асқынған.

Толық

Қарап көріңіз