Өлең, жыр, ақындар

Қалжың

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 482
Сені кеттім сағынып (бірақ қалжың),
Ойлап жүрмін сабылып (бірақ қалжың)
Құс жастық қып қалжыңды жастанып ап,
Ептеп-ептеп ақырын сыр ақтардың.

Сені көрдім түсімде (бірақ қалжың)
Сенсің жақын кісім де (бірақ қалжың!).
Бас жағына сөзіңнің қанаттанып,
Қалжың деген сөзді естіп құлап қалдым!

Аса алмаймын әдептен, іркілемін,
(Жел тербеген қайыңдай сыршыл едім).
Жылы тиер жүрекке сөзден қашып,
Қалжың айтса біреулер күрсінемін.

Итарқасын тікті әкеп көшпенді мұң,
Хабар күттім құстардан көктемгі күн.
Рас деші бұрынғы айтқандарым,
Қалжың деші ұмытып кеткендігім.
Өтінем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірім нұры

  • 0
  • 0

Мейірім нұры мазасын алып,
Көбесі мұңның сөгілді.
Таңдайға тағы тәтті жыр келіп,
Тісімнен маржан төгілді.

Толық

Ақ жауын

  • 0
  • 0

Құтқарушы періште кеп аспаннан,
Тазалыққа талпындыру басталған.
Қасиетпен жұлдыздарды суарған,
Жуып жатыр жердің үстін ластанған.

Толық

Қазан айы

  • 0
  • 0

Сағағына ілінген өмір семген,
Көз үйреніп күзге де,көңіл сенген.
Арша менен Шыршаның жайы бөлек,
Тасты жарып шыққан соң, өміршең бе ең?!

Толық

Қарап көріңіз