Өлең, жыр, ақындар

Ақ жауын

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 291
(Секен Тұрысбекке)

Құтқарушы періште кеп аспаннан,
Тазалыққа талпындыру басталған.
Қасиетпен жұлдыздарды суарған,
Жуып жатыр жердің үстін ластанған.

Бәрі мүлгіп, тазалықты бағалап,
Қашты лайсаң арықтарды сағалап.
Жудым мен де көңілімді кірлеген,
Шатырымды ұрған кезде сабалап.

Кірлегенін шын сезініп тұрса алап,
Тазарар ед, табар еді кім тағат.
Есіргендер билеп жатыр клубта,
Есігі мен терезесін тұмшалап.

Кірлегенін сезбейтінге қайранмын,
Тазарып ап оңашада ойландым.
Күй тілімен жуып кеткен біздерді,
Секен аға қолыңыздан айналдым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұман

  • 0
  • 0

Мен тауларға, таулар маған құмартып,
Таудың үстін бұлттар қаптап, мұнартып.
Тартатынбыз тараған соң мектептен,
Жирен атқа ұсақ-түйек жүк артып.

Толық

Құйттай ғана құлыным

  • 0
  • 0

Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,

Толық

Каспимен сырласу

  • 0
  • 0

Каспи сені қаншама жыл аңсадым,
Бүрін сиға тартайыншы аршаның.
Көлдің шеті секілденіп көрінген,
Көлшіктерден сағым іздеп шаршадым!

Толық

Қарап көріңіз