Өлең, жыр, ақындар

Құйттай ғана құлыным

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 332
Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,
Тоқтап қалған сияқтанып бар ғалам.

Сәл көрмесем алаңдадым шөлдедім,
Сыйладың сен тәтті күннің ермегін.
Қалыңдау деп, әлде жұқа болды-ау деп,
Жүз қозғаймын бесігіңнің жөргегін.

Ауыстырып бесік жырға күйімді,
Доғардым мен кештер менен жиынды.
Ақ жүзіңе қонады-ау деп шаң келіп,
Қайта- қайта тазаладым үйімді.

Қайдан алдым ұшан теңіз сезімді?
Елжіреймін қадағанда көзіңді.
Саған сая болу үшін қас-қағым,
Өркен жайған талға ұқсаттым өзімді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойласам жүзім нұрланар

  • 0
  • 0

Тулайды жүрек атыңды,
Естісе тайдай тұяқты.
Лап ете қалам көргенде,
От келе жатқан сияқты.

Толық

Мойындау

  • 0
  • 0

Жылдар жылжып, дүние жаңарғанмен,
Сырласамын сен жайлы самал желмен.
Уайымы жоқ жандай көрінсең де,
Қиынырақ құтылу саған меннен.

Толық

Топшылау

  • 0
  • 0

Бәлкім мен назарыңда тау шығармын,
Алдырмаған қамалын жау шығармын.
Жырлай жүріп өзіңді өртеніп ем,
Жырлай жүріп бір күні таусылармын.

Толық

Қарап көріңіз