Өлең, жыр, ақындар

Қиял

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 399
Кешір
Саған ескертпестен жатағыңа кеп тұрмын.
Есігіңді қақтым дағы маңдайымнан өптірдім.
Сағыныштан кеп тұрса да ағыл тегіл жылағым,
Саған шаттық силағым кеп мұңсыз жандай тек күлдім.

Сәл-пәл тарттың білегімнен, кіргізбек боп мені ішке,
Көктөбеге барам дедім, келіс мейлі келіспе,
Тағдырымдай нәзік сыммен шыққанменен басына,
Қайтар шақта қол ұстасып жаяу тарттық еңіске.

Дедің сонсоң күн ерте ғой Медеу жаққа кетелік…
Темекінің кесірі ме баспалдақта жөтеліп,
Тұрдың дағы менің аяп кеткенімді сезіп қап,
Өрге тарттың допша мені қолтығыңа көтеріп.

Шым бұлақ деп босқа айтылмас, шың басында бұлақ бар,
Деп тұрғандай отың болса қар үстінде сыр ақтар.
Жарты жолда жолаушының кейін қайтты жартысы,
Тәуекел деп жүріп кеттік, күтсін мейлі сынақтар.

….Тереземнен сәлемдесіп сығалады ақ таңым,
Таңнан бұрын оянып ап қиял кешіп жатқанмын.
Кездесуге шақырғанда бармай қойсам тақпа мін,
Қол ұстасып қайтар жолды қиялда да таппадым…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылға асықтым

  • 0
  • 0

Тентек ұлдай тұратын жиі ысқырып,
Желге сәлем аитсам ба қыйыстырып.
Туған мекен қайыңның жапырағына,
Тұрғым келді бетімді түйістіріп.

Толық

Күзгі көңіл

  • 0
  • 0

Құлпырып жайнап жүргенде,
Тумасы хақ күнде өлең.
Табыстым тағы мұңменен,
Қауыштым қайта жырменен.

Толық

Түс көргейсің

  • 0
  • 0

Бұлыңғырлау ертеңді қиял ғылып,
Жүруші ек, ұялшақ қыз ұяң жігіт.
Арманшыл ек сондықтан көңілдерден,
Жетелейтін қыйырдан қиянға үміт.

Толық

Қарап көріңіз