Өлең, жыр, ақындар

Түн еді

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 285
Түн еді келе жаттық ыйықтасып,
Шашыммен жел ойнайды тійіп қашып.
Сол түнде келе жаттық тек екеуміз,
Даламенен қаланы ұйықтатып.

Бұлақтар да жатқандай масаң күліп,
Көрсетпейді толқындар асау қылық.
Ійіледі жағада жас қайыңдар,
Біздер үшін қойғандай жасандырып.

Жол жатыр қозғалуға ерінгендей,
Тәтті ұйқыға тау жатыр берілгендей.
Қандай ғажап жомарттық бар табиғат,
Тек біздің еншімізге бөлінгендей.

Үнсіз ұққан сезімдер асқақ неткен,
Желемік те соғады жасқап беттен.
Діріл қақты жүрегім бұл табиғат,
Еншісі ме біреудің тастап кеткен?

Тыныстайды желменен дала тынбай,
Арман бізге жайғандай қанатын жәй.
Жұлдыздарға қараймын моншақ біткен,
Көзім жұмсам төгіліп қалатындай.

Ғажаптығын даланың құптап алып,
Бірімізге біріміз ықтамадық.
Жүзіп келе жатқандай сезінемін,
Ақ көйлектің етегін шыққа малып.

Қара ертістің бойында ауыл бүгін,
Қабағынан оұытқан тауым мұңын.
Торғын көйлек етегі жұтқан шықпен,
Тазалықтың өлшедім ауырлығын.

Тастағандай жерге алып жауып кілем,
Шыға алмаспын бір шетін тауып білем.
Сеннен қалып қоюдан алаңдадым,
Сенмен бірге жүруден қауіпсінем.

Түн еді.
Келе жаттық ыйықтасып,
Шашыммен жел ойнайды тійіп-қашып
Сол түнде келе жаттық тек екеуміз,
Қаламенен даланы ұйықтатып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыз жанар

  • 0
  • 0

Жұлдыз жанар сөнбеген алаулаған,
Көп телміріп шалғайға талаураған.
Маған ұқсас адамдар бар шығар-ау,
Саған ғана ұқсайтын санаулы адам.

Толық

Мезгіл емес

  • 0
  • 0

Тұрғызды таң.
Тәтті ұйқымды тартып ап,
(Көкейімде өзің жайлы сан сұрақ)
Жапырақтар тереземе төнеді,

Толық

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…

  • 0
  • 0

Қайық шөлдеп қарбытып толқын жұтты,
Ақжайықтың бетінде ай екеуміз.
Оттан қашып хош көрген салқындықты,
Бірімізге біріміз сай екенбіз.

Толық

Қарап көріңіз