Өлең, жыр, ақындар

Быйылғы көктем жай шықты

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 270
Қарлығаш қақты қанатын,
Сергіді менің көңілім.
Астында қардың қалатын,
Түледі байтақ өңірім.

Десе де дала сәл шытқыл,
Мамырдың айын аңсадым.
Қаламға үнсіз жармасқан,
Қалтырай берді саусағым.

Жайнатып мүлдем бау-бақты,
Сызатын сурет айшықты,
Отаудан шыққан серідей,
Быйылғы көктем жай шықты.

Қыраудан қалған әр үйдің,
Әйнектерінде шық тұрды.
Быйылғы көктем күттіріп,
Қымбатын солай ұқтырды.

Құстарға қостым әнімді,
Көңілден енді кетер мұң.
Шуақты әр бір таңымды,
Жырыма арқау етермін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналамда

  • 0
  • 0

Ауылыма барғанда анам шаттанып,
Жырғап қалад досым сырын ақтарып,
Ұзақ-ұзақ аңыз айтса абыздар,
Жеңгелерім жүр қазанға ас салып.

Толық

Кетті бірге

  • 0
  • 0

Жолға аттандың тайпалтып сал күреңмен,
Лажсыз мендей орнында қалды бөлмең.
Қайта айланып білсем де келмесіңді,
Жақынырақ жаныма болды бөлмең.

Толық

Қалсам болғаны

  • 0
  • 0

Ерте ме кеш бір айтар арман әнімсің,
Үмітімді үзілген жалғағанымсың.
Көктем сыйлар көңілге шаттық күлкімсің,
Жиі тартқан сен менің оң қабағымсың,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар