Өлең, жыр, ақындар

Әкеге сағыныш

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 5766
Шарпылатын пәк жаның жылы ағынмен,
Қоштасқалы қай заман бұла күнмен.
Еңкеймеймін ес білдім деп жүруші ем,
Әке бүгін сені ойлап жыладым мен.

Бетке айтар бұл күнде мінімді кім?
Айтылар ед бар болсаң сының бүгін.
Көлбіреп жүргенменен көңіл құрғыр,
Тозған мешпет секілді жырым-жырым.

Мынау өмір кімдерге ой салмаған?
Жанға медет жабықсам жайсаң далам.
Еркелегім келеді кейде әке,
Қашанғы өз өзімнен қайсарланам?

Бійігіме қол создым армандаған,
Көре алмадым тұлғаңды тарландаған.
Балам деген зәрумін дауысыңа,
Қашанғы өзіме өзім қорған болам?!

Қалған ізің –артыңда мен тірімін,
Әудем жерге жетеді еркін үнім.
Ұзақ жылдық сағыныш қарып кеткен,
Ашиды да тұрады кеңсірігім.

Көз көргендер түрі де мінезі де,
Тартқан дейді жан әке бір өзіңе.
Неге сонша сағыныш ұзақ әке,
Ал қуаныш болады ілезімге?!

Жүдетсе де тірліктің салған мұңы,
Талыққан жоқ қызыңның талғамды үні.
Сені тағы сағынып сенделемін,
Пенделерден көңілім қалған күні.

Тағдырымның соқпағы қыйындаған,
Қыйындасын,емес ол бұйым маған.
Адамдықтың шыңынан көрініп ең,
Әке саған кезім жоқ сыйынбаған.

Сағыныштар қалған соң санада ұзын,
Ерте есейдім қалыпты далада ізім.
Сағым қуып бұл күнде қыйырда жүр,
Кеше күнгі қарғадай қара қызың.

Қиял керек қияншыл жас адамға,
Қалды балғын шақтарым босағаңда.
Бійікке ұшам тағы да жылап алам,
Сағыныштан көңілім босағанда!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнсіздік

  • 0
  • 0

Үн-түнсіз келіп қасыма,
Қолымды қыстың ақырын.
Қолымды алып қашуға,
Жетпеді мүлде батылым.

Толық

Шешеме хат

  • 0
  • 0

Қырда гүлім көктеді деп қуандың,
Жайқалтам деп шақырымнан су алдың.
Қас-қабағын бақтың желдің жаңбырдың.
Ол шөлдесе бірге қаңсып қуардың.

Толық

Көкпар

  • 0
  • 0

Ат керек ауыздығын шайнайтұғын,
Бап керек сол тұлпарды сайлайтұғын.
Қайратты ерге мықты жігіт керек,
Сол аттың құлағында ойнайтұғын.

Толық

Қарап көріңіз