Өлең, жыр, ақындар

Көп күттірген балалық

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 192
Бірде құмнан уыстап,
Бірде аунаған шалғынға.
Жүгіріп жүр балалық,
Есігімнің алдында!

Айтып болмай бар сырды,
Кетіп қалған жар сынды.
Абайсызда қолымнан,
Шығып кеткен шар сынды.

Көз жаздырған балалық,
Таппас еді ізімді,
Үйге еріп келіпті,
Танып қойып қызымды.

Өссе дағы күн санап ,
Ешбір таппай тұр тағат.
Жақсы ойыншықтың қызығы,
Ұзап кетсе бір сағат.

Болмай қалса қалауы,
Қатты жылап күрсінді.
Күлді жасы кеппей-ақ,
Бұлттан шыққан күн сынды.

Әділдіктің патшасы,
Өзі үкімет бір мықты,
Үйге келген қонаққа,
Айтып қояд шындықты.

Уақыт күтіп тұрмайды,
Бұл пікірмен келіскем.
Қашан бійік болам деп,
Асығады періштем!

Бірде құмнан уыстап,
Бірде аунаған шалғынға,
Жүгіріп жүр балалық,
Есігімнің алдында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақ бөлініп өтуде біздің өмір

  • 0
  • 0

Ауылдан аттану,
Көздерін көлдерімнің жаудыратып,
Сүйегін тауларымның саудыратып,
Ауылдан мен аттанғам.

Толық

Жағалау

  • 0
  • 0

Теңізге құлшындым,
Түссем деп ұмсындым.
Жағаға жүгірген
Толқыннан қымсындым.

Толық

Айналамда

  • 0
  • 0

Ауылыма барғанда анам шаттанып,
Жырғап қалад досым сырын ақтарып,
Ұзақ-ұзақ аңыз айтса абыздар,
Жеңгелерім жүр қазанға ас салып.

Толық

Қарап көріңіз