Өлең, жыр, ақындар

Жездеге жыр

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 284
Тарту етіп тағдырың жезделікті,
Бір кездегі мінезің өзгеріпті.
Мейір шапағатыңды көз көріпті,
Жыр арнайтын өзіңе кез келіпті.

Тірлігіңнің сыр түйіп көктемінен,
Біздің жаққа қыдырып көп келіп ең.
Әпекемді той жасап әкеткен күн,
Мен өзіңді ең алғаш жек көріп ем.

Тағдырға осал жандармыз досқа мықты,
Қия алмай көздерден жас тамыпты.
Әке орнын жүргенде толтыра алмай,
Әпекемнің бөлмесі бос қалыпты.

Кім түсінген бұлтартпас заңдылықты,
Алдарыңнан қарсы алып таң күліпті.
Балғын ойым онда ойлап жете алмапты,
Бастап бара жатыр деп мәңгілікті.

Аға болып бірде ақыл ағытасың,
Қалжың сөзбен кей кезде қағытасың.
Мейірің көп ағалық, жезделіктен,
Сыйлаймын.қалжың сөзбен тағы ұтасың.

Қорған болдың тауы бар дала сынды,
Ескермейсің есірсем таласымды.
Жар Жезде аға – бірде аға, бірде жезде,
Сағағанн а осы аасымды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлемдемең келіпті

  • 0
  • 0

Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Ағажан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті сәлемің жоқ.

Толық

Айналамда

  • 0
  • 0

Ауылыма барғанда анам шаттанып,
Жырғап қалад досым сырын ақтарып,
Ұзақ-ұзақ аңыз айтса абыздар,
Жеңгелерім жүр қазанға ас салып.

Толық

Сен деп соқты демеймін

  • 0
  • 0

Күлдей боп әйнек көңіл үгілед көп,
Күліп жүрмін өзімше бүгін ептеп.
Ұмытып кете барсаң бақыттысың,
Ал менде сені ұмытар құдірет жоқ.

Толық

Қарап көріңіз