Өлең, жыр, ақындар

Мендегі іңкәр сезімді арбай

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 278
Мендегі іңкәр сезімді арбай,
Жатады таулар тұмандарға шөгіп.
Көшкен бұлттардан көзімді алмай,
Отырам ұзақ қиялдарға шомып.
Науаидай кейде налимын не ғып,
Құлықсыз күйді құшқанда атырап.
Көзіме менің кетердей еніп,
Үп еткен желге ұшқан жапырақ.
Жабырқау жанымның жалыны үстемдеп,
Бір мұңлы күйді таратып әлем.
Сары даланы сағыныш тербеп,
Қайтқан қаздардың қанатыменен.
Ақ қырау шалған анамды сүйем,
Күзге ұқсатқан құштар ғұмырын.
Данагөй сонау даламды сүйем,
Тыңдаймын ұзақ құстардың үнін.
Олар да маған жылайды тынбай,
Қорқыттың күйін тартқандай қоңыр.
Мезгілсіз мынау мекенін қимай,
Алыс сапарға аттанғандай бір.
Сарқылмайды олардың санасында бір ән,
Салынам мен де сары уайымға.
Күзгі өзеннің жағасында отырам,
Сүйеніп жалғыз кәрі қайыңға.
Жүрегім балқып мұңлы әуенге,
Дерттенем сосын жандай қайғым көп.
«Күркешемде жатып күллі әлемге»,
Тұрады менің айғай салғым кеп...

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иірім

  • 0
  • 0

Ақшамда
Өзен иіріміне ұзақ үңілсең,
Өзіңді сезінесің кісідей
Алыс ғасырларда өмір сүрген бізден.

Толық

Жауып тұр күздің жаңбыры

  • 0
  • 0

Жауып тұр күздің жаңбыры,
Түрі жоқ тіптен ашылар.
Бей-жайға мені қалдырып,
Басылар көңіл тасыған.

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Ай,
Мен үнсіздікке шомған Оның елесімен қатар ұштым,
Көгілдір дүниедегі сенің шұғылаңды жамылып.
Мен де айналдым елеске.

Толық

Қарап көріңіз