Өлең, жыр, ақындар

Табыт-шырақ

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 234
(Өрнек Құлекеевке)

Қараңғы қабырға ішінен беймезгіл тұтанған шырақ.
Пенделер демінен тербелген алауы –
жаныңның нұрына шарпылар.
Сол күні сен жалғыз мәңгілік сапарға шыққансың ұзақ,
Басқан әр ізіңе өткеннің бейнесі тартылар.
Қиял әлемін торлаған уақыт,
Азалы әуенмен бірлікте шарқ ұрар...
Дірілге ұласып... сол әуен жоғалған,
Жабыққан әлемнің құшағына көміліп.
Ал оған еліткен пенделер
бәрінен тоналған:
Қиялын – үнсіздік,
Өзегін – өксігі жеміріп.
Тек а-на-ау алыста (тым-тым алыста),
Балалық елесі асыр салады,
Біздер адасқан аппақ толқындарға шомылып.

2008 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушы

  • 0
  • 0

Бір сапарға шыққанмын, барар жерім белгісіз,
Қайдан шықтым?
Оны да айта алмаймын. (Сенгісіз).
Маңдайыма жазылған сұрқы бөтен сұрақтар,

Толық

Солады сыйлауға жаралған гүлдер

  • 0
  • 0

…Солады сыйлауға жаралған гүлдер.
Дәл осы гүлдердей
қарашығымызда қуарып, солар күз.
Әрине, тым қиын өткенді ұмыту мүлдем…

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Самарқау күздің бір түні,
Жан-жаққа шашқан ай нұрын.
Бәрінің кеткен сүлкіні,
Бейнесі бар қайғының.

Толық

Қарап көріңіз